«Азаттық» сыйлығы ТАПСЫРЫЛДЫ

Наурыздың 10-ы күні Алматыда «Азаттық» сыйлығы тапсырылды. Биыл бұл сыйлыққа диссидент Кәрішал Асанов, жабылған Adam Bol журналының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева және саяси эмигрант Мұратбек Кетебаев ие болды. Марапаттау рәсіміне аталған азаматтардың тек біреуі – Гүлжан Ерғалиева ғана қатыса алды. Ал Кәрішал Асанов ауырып келе алмай қалған. Оның сыйлығы қызы Қарлығаш Асановаға тапсырылды. Ал жақында ғана Мадрид түрмесінен босаған саяси эмигрант Мұратбек Кетебаевке сыйлығын nakanune.kz сайтының журналисі Татьяна Панченко жеткізеді.

Еске сала кетейік, «Азаттық» сыйлығы 2003 жылдан бері демократияның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға беріліп келеді. Оны алғаш рет Ғалымжан Жақиянов пен Мұхтар Әбілязов бастаған «Қазақстанның Демократиялық таңдауы» қозғалысы тағайындаған болатын.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн