Ажал артқан «Айрбаста» ҮШ ҚАЗАҚ ОПАТ БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №12 (283) от 26 марта 2015 г.

 

 Апта аптығы

 

Францияда апатқа ұшыраған жолаушылар ұшағында Қазақстанның үш азаматы болған деген ақпаратты кеше Қазақстан Сыртқы істер министрлігі растады. Апатта мерт болған қазақстандықтардың аты-жөндері – Ербол Иманқұлов (1965 жылы туған – суретте), Есенғалиева Айжан (1966 ж.) және Әдила Ерболқызы Иманқұлова (1989 ж.) деп хабарлады СІМ.

 

Сонымен бірге Германия билік орындары ұшақта болған Елена Блес есімді тағы бір жолаушы әйел де Қазақстан азаматы болуы мүмкін деп хабарлаған. Қазір ресми орындар ол ақпаратты тексеріп жатыр.

Еске салсақ, наурыздың 24-і күні Барселонадан Дюссельдорфқа ұшып бара жатқанда белгісіз себептермен апатқа ұшыраған германиялық Germanwings әуе компаниясының Airbus A320 ұшағында, соңғы мәліметтер бойынша, 150 адам болған. Жергілікті уақытпен сағат 10.53 шамасында жерден екі жарым мың метрдей биікте болған ұшақ радардан көрінбей кеткен.

Француз полициясы апаттан ешкім тірі қалмаған дейді. Құтқарушылар таулы жерге құлаған ұшақ жолаушыларының сүйектерін іздестіру бірнеше күнге жалғасуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ қаза тапқандар арасында Қазақстанда туған опера әншісі Олег Брыжак та бар. Бұл туралы ол жұмыс істеген Германиядағы Дюссельдорф операсының басшылығы растаған.

1960 жылы Қазақстанда туған Олег Брыжак Қарағанды музыкалық училищесінде, Алматы консерваториясында білім алған. Жезқазған және Теміртау музыка училищелерінде сабақ берген. Ресейдің Санкт-Петербург, Челябинск, Украинаның Львов қалаларында опера театрларында солист болған. 1996 жылдан бері Дюссельдорф опера театрында еңбек еткен.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн