БҰЛ ДАҒДАРЫС боксқа да жетті

Қазақстан бокс федерациясы «қатаң үнемдеу» жағдайына көшеді, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясының (ҚБФ) президенті Тимур Құлыбаев.

«Біз 2015 жылды бастап жатырмыз. Дағдарыстың Қазақстанды да жанай өткенін сіздер жақсы түсінесіздер деп ойлаймын, яғни соның ішінде экономикалық ахуал мәз емес, сол себепті біз 2015 жылдың бюджетін өте қатаң үнемдеу режимінде жүргізетін боламыз», – деді Т. Құлыбаев кеше ҚФБ жылдық конференциясында.

«Біздің міндет негізінен қазір – құрамалардың 2015 жылдың негізгі старттарына және 2016 жылдың маңызды старттарына дайындалуын қамтамасыз ету, сол себепті қалған барлық мәселелерді біз сосын қоятын боламыз. Әзірге бізде қаржыландыру мүмкіндігі барда, біз қаржыландыратын боламыз», – деп толықтырды ол өз сөзін.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «қазақстандық экономикада, анау айтқандай, жеке дара дағдарыстың жоқ» екенін мәлімдеді.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн