БҰЛ МЕДАЛЬ кімге – не үшін БЕРІЛДІ ЕКЕН?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №46 (363) от 15 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

 

Мына медальді мекеме басшылары мен депутаттар және «нұротандықтар» алуда екен. Негізі, осы медаль мен жоғары марапатқа тек ЖЕЛТОҚСАН батырлары мен қоғам қайраткерлері лайық болуы керек еді.

Өте өкінішті!!!

Құрметті президент мырза, шенеуніктер мен депутаттар мына медальға қандай істерімен лайықты болды екен? 25 жылда елімізді батпаққа тығып, халықты тонағаны үшін бе?! Әлде халықты басынып, әділетсіз қоғам орнатқаны үшін бе, әлде аса жемқорлықтары үшін бе?! Әлде тамаша жағымпаздықтары үшін бе?!

Ардақ ӘШІМОВА

 

Пікірлер ФБ-желісінен алынды

 

 

Құттықтаймыз!

 

ТӨРАҒАСЫ ТҮРМЕДЕ ОТЫРҒАН ОДАҚТЫҢ марапаты жария болды

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне Қазақстан Журналистер одағы бір топ журналистер мен қоғам қайраткерлерін марапаттады.

 

«Ұлттық баспасөз клубының вице-президенті Александр Кимасов (марқұм), тәуелсіз журналистер Сергей Дуванов пен Гүлжан Ерғалиева, құқық қорғаушы Евгений Жовтис, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы Рысбек Сәрсенбаев, «ДАТ» медиажобасының жетекшісі Ермұрат Бапи, ресейлік экономист Михаил Хазин Қазақстан Журналистер одағының «Алтын медалімен» марапатталды», – деп хабарлады кеше кешкісін ҚазТАГ.

Сондай-ақ ҚР Журналистер одағы 60 жасқа толуына байланысты Ибрагим Жүсіпқалиевке (Орал) «Құрметті журналист» атағын берді.

Сонымен қатар Қазақстан Журналистер одағының Құрмет грамоталарымен журналистикадағы азаматтық белсенді ұстанымы үшін Мәдина Әлімханова, өзекті қоғамдық-саяси тақырыптардағы және экономикалық тақырыптағы бейне-сұхбаттары үшін Лилия Игілікова (ZONA.KZ медиажобасы), өзекті тақырыптағы публистикалық материалдар топтамасы үшін (Қазақстандағы блог саласын дамытудағы қосқан үлесі үшін) Ботагөз Көпбаева, Қазақстандағы интернет-журналистиканы дамытудағы новаторлық тұрғыдан келгені үшін the-steppe.com медиажобасы, қазақ тілін үйрену және дамытудағы қосқан үлесі үшін «ОрыSTAR» интернет-жобасы марапатталды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев нақақ айыппен 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бірақ өткен қараша айында ҚР Журналистер одағының Басқарма отырысы өз төрағаларына сенім білдіріп, бұл қылмыстық істің нәтижесі Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары комитетінде қаралғанға дейін, оны одақ төрағалығында қалдыру жөнінде шешім шығарған болатын. Сонымен, төрағасы түрмеде отырса да, Қазақстан Журналистер одағы өз қызметін жалғастыру үстінде.

«D»

 

 

АнекDАТ

 

Неміс, француз, қазақ үшеуі әңгімелесіп отыр екен. Неміс:

– Біздің елде медицинаның дамығаны сондай, жақында бір адамның екі аяғын трамвай басып, қырқып кетті. Соны біздің врачтар орнына қайта тігіп берді. Кейін сол адам жүгіруден чемпион болды, – дейді.

Француз:

– Жақында бізде де екі өкпесі жарамай қалған біреудің өкпесін ауыстырып беріп, кейін сол кісі су астында жүзуден чемпион болды, – деп бөсіпті.

Қазақ не айтсам екен деп, ұзақ ойланып отырып:

– Жақында біздің ауданда бір қойшыны қасқыр жеп кетіпті. Тек көтені мен екі құлағын ғана қалдырыпты… – дейді. Неміс пен француз екеуінің көзі бәңкі болып:

– Содан… – дейді тағатсызданып.

– Содан не болушы еді? Біздің быраштар қос құлағын көтеніне тігіп берді. Сол адам қазір біздің ауданда әкім боп жүр… – депті.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн