Бұл қолдаушыларды ҚУДАЛАУ МА?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушілері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған үндеулеріне байланысты Қазақстанның Журналистер одағының (ЖО) филиалдарының басшыларын тергеуге шақыруды бастады, деп хабарлады ЖО басшысы Сейтқазы Матаевты қолдау комитетінен.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро тергеушілері президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаевтың ісінің тергелу барысын бақылау туралы өтініштеріне байланысты Қазақстанның Журналистер одағы филиалдарының басшыларын тергеуге шақыруды бастады», – делінген сенбі күнгі комитет хабарында.
Атап айтсақ, 5 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл ұлттық бюросының тергеушілері ЖО Астанадағы филиалының басшысы Мағжан Садыханға 8 наурыз – мейрам күніне сағат 12.00ге шақырту қағазын жолдаған. Бұл ретте тергеушілер тергеудің неге мереке күнінде өтуі керектігін түсіндірген жоқ, деп атап өтті комитетте.
Еске салсақ, 2 наурызда ЖО филиалдарының ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Журналистер одағы басқармасының төрағасы С.Матаевты қорғау туралы өтініштерімен жүгінген болатын. Үндеу авторлары оның әлемнің барлық елінде белгілі екенін және өз елінің нағыз патриоты болып табылатынын атап өткен. Бұл ретте С.Матаевтың өз ісінің шебері және қоғамдық қайраткер ретіндегі баға жетпес еңбегі аталып өткен. Оған қоса, үндеу авторлары ЖО басшысының журналистердің билік органдарымен сындарлы байланыс орнатудағы еңбегін де келтірген. Ол кезде үндеуге Маңғыстаудағы, Алматыдағы, Атыраудағы, Павлодардағы, Оңтүстік Қазақстандағы, Қызылордадағы, Шығыс Қазақстандағы, Қарағандыдағы, Солтүстік Қазақстандағы, Қостанайдағы, Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстарындағы, сондайақ Астанадағы Журналистер одағы филиалдарының басшылары қол қойған.
ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн