БАЙБЕК басқарған АЛМАТЫ ғаламдық қалалар рейтингінен түсті

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 


 

 

Соңғы төрт жылда Алматы қалалар ғаламдығының GaWC индексінің түбіне түсті, деп хабарлайды LS. 2016 жылғы сараптаманың нәтижесі бойынша, қазақстандық Алматы тоқшылық (Sufficiency) топтағы 220-дан астам қалалардың ең соңғы деңгейіне құлаған. 2012–2016 жылдар арасында «оңтүстік астана» 100 позицияға жуық кейін сырғыған.

 

2012 жылға дейін 135-орында тұрған Алматы ресейлік Санкт-Петербург қаласынан озық болған. Жаңа GaWC индексі бойынша, ғаламдылығы артық қалалар тобын Лондон мен Нью-Йорк бастап тұр. Алдыңғы ондықтан Сингапур, Гонконг, Париж, Пекин, Токио, Дубай, Шанхай қалалары орын алған.

Ал соңғы ондықта қалғандар қатарында Алматымен бірге атын адам сирек еститін Лестер, Сана, Фукуока, Гонолулу, Киншаса, Ломе, Сальвадор, Гояния, Алигарх қалалары бар.

Еске салсақ, GaWC индексі қалалардың ғаламдылығымен қатар, қалааралық қатынастарға әсерін білдіреді. Зерттеу барысында халықаралық бизнес, беріктілік, қала саясаты және логистика сияқты факторлар негізге алынады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн