Билік қалған жұмыссыздарды ҚАЙДА «ТЫҒЫП» ТАСТАДЫ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №27 (391) от 12 июля 2017 г.

 

Апта аптығы

Қисық қисап


 

2017 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жұмыспен қамту орындарында жұмыссыз ретінде 151,7 мың адам тіркелген, деп мәлім етті ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

 

«Бағдарламаның техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімдегі кәсіби оқумен қамтамасыз ету көзделген алғашқы бағыты аясында, биыл техникалық әрі кәсіби білімі бар 21,3 мың кадр даярлау және де 70,3 мың қазақстандықты қысқа аралықта кәсіби оқыту жоспарланып отыр», – деді Б. Нұрымбетов сейсенбі күнгі брифингте.

Оның айтуынша, әлеуметтік жұмыс орындарына 17 901 адам орналастырылған (жоспарланған көрсеткіштен 109%). Ең көп әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендер қатарында Оңтүстік Қазақстан облысы – 5 710 адам (немесе жоспардан 158%), Солтүстік Қазақстан облысы – 806 адам (немесе жоспардан 127%) және Қостанай облысы – 860 адам (немесе жоспардан 119%) бар. «Ең азы Астана – 162 адам (немесе жоспардан 32%) және Алматы – 379 адам (немесе жоспардан 33%) қалалары болуда», – деді Б. Нұрымбетов.

Әрине, елде жұмыссыздардың мейілінше аз болғаны жақсы. Бұл – халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын бағамдайтын басты көрсеткіштердің бірі. Бірақ, жұмыссыздардың тіркеуге алынған мөлшері 151,7 мың ғана болғаны шындыққа жанаса ма? Қалалы жерлердегі жұмыссыздарды айтпағанда, Қазақстан халқының 50 пайызға жуығы ауылды жерлерде тұратынын ескерер болсақ, бұл тым төмендетілген көрсеткішке ұқсайды.

Мәселен, елдегі 18 миллион халықтың жартысы – 9 миллионы ауылда тұрады десек және олардың 50 пайызы жұмысқа жарамды жастаға адамдар екенін қаперге алсақ, 4,5 миллионға жуық ауылдық адамның жартысы жұмыспен қамтылғанның өзінде, қалған 2,2 миллион адамды қандай қисапқа «тығып» тастауымыз мүмкін? Бұның үстіне «өзін-өзі асыраушылар» санатындағы халықтың жартысынан астамы дағдарыс салдарынан жұмыссыз қалғаны анық. Ендеше, «тіркеуге тұрған» деген тіркесті малданған министрлік тіркеуден күдер үзген жұмыссыздар санын санатқа қоспаған. Ал олардың мөлшерлі саны кемінде 1,5 миллоннан асып жығылады.

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн