БИЫЛ БАРЛЫҚ қазақстандық шипажайлар ҚЫМБАТТАДЫ

Біле жүріңіз

 

Мысалы, жаз басталмай тұрып, Бурабайдағы эконом-класстағы демалыс базасында тұру бағасы 50% қымбаттады. Егер 2014 жылы жазғы үй бағасы Т2 мың болса, биыл Т3 мыңнан.

 

Бұл ретте Балқаш көліндегі демалыс базасында, керісінше, «люкс» класындағы номерлердегі баға өсті: 2014 жылы баға номер үшін тәулігіне Т12 мың болса, 2015 жылы – Т14 мың. Класы төмен номерлер үшін баға бұрынғысынша, Т10 мыңнан қалды.

Алакөл көлінде екі орындық «стандарт+» класындағы номер 2014 жылғыдай шілдеде тәулігіне Т14 630 болады және оған тамақ бағасы кірмейді. Бюджеттік туристер үшін жеке секцияда екі төсек-орны бар хостелдер ұсынылады, олардың бағасы сол кезеңге Т3 мыңнан.

Қапшағай су қоймасындағы тынығу базасындағы номерлер бағасы бұрынғысынша, тәулігіне Т10-15 мыңнан қалып отыр.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш шипажайындағы емдік-сауықтыру кешенінде баға аздап қана көтерілді.

Мысалы, Сарыағаштың бір санаториінде 2014 жылы стандартты номердегі баға бір адамға Т6700 болса, биыл – Т7 мыңнан.

Зеренді, Баянауыл, Қарқаралы кенттеріндегі шипажайларда бағалар бұрынғысынша қалды: екі орындық номер үшін бағалар, сәйкесінше, Т23 мың, Т15 мың және Т16 мыңнан, бұл бағаға сонда тұру және тамақтану кіреді.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн