БІЗ АТАМБАЕВҚА НЕГЕ ӨКПЕЛЕЙМІЗ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Кім кінәлі?

 


 

Пара – өткелсіз көпір, өшпес өрт!

Жемқорлық – ұятсыз өмір, жазылмас дерт!

Екеуіне де – өлім серт! Құны қанжығада!

(Әз Жәнібек хан)

 

Қазақ елінің көпшілік саясат керлері сен журналистері айта алмай жүрген шындықты қырғыз пре зиденті Алмазбек Атамбаев мырза айтып берді. Біздің қартайған шалдың мақ тауға әбден үйренгені соншалық, бұл оның үстіне мұздай су құйып жі бергенмен бірдей болды. Бірақ біздер осы жолы жалған намыс пен эмоция ның жетегінде кетпей, «дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» деген нақыл сөзді ұмытпағанымыз абзал болар.

Ия, президент Атамбаев шындықты айтты. Сол үшін де рахмет!

Шындығына келсек, халқымыздың тоналып жатқаны өтірік пе? Киелі Ұлы даламызда неге тек елбасы мен оның семьясы мен достары, министрлері мен әкім-қаралары ғана баюлары керек? Қазақстан халқы соқыр емес, есалаң емес – бәрін де көріп, біліп отыр. Тәуелсіздігін алса да, жері де, билігі де, ақпарат әлемі де жатқа тәу елді. Жерінде озбырлық пен геноцид туындатып жатқан шетелдік полигондар мен космодромның әсерінен, зымырандар атқылауынан мүлдем бұ зыл ған қоршаған ортада өмір сүру деміз. Қазақ өлместің күнін кешіп, киер киімге, ішер асқа жарымай отырса да, әлемдегі үстеме өсімі ең көп қазақ стандық банктердің кредиттерін дер кезінде төлей алмай, сансырап, жұ мыссыз, үйсіз-күйсіз жүрсе де, әзірге сабыр сақтап отыр.

Елде астық көп – нан қымбат! Мұ най көп – бензин қымбат! Мал көп – азық-түлік қымбат, бәрі-бәрі қымбат! Неге?

Себебі қазақстандық билік «мемле кеттік», «отандық», «ұлттық» деген қа сиетті ұғымдарды быламыққа айналдырып жіберген. Экономикамыздың 96 пайызы жеке қолға өткен: осы «ке меңгер-ғұлама» биліктің арқасында. Кезіндегі сарттардан да өтіп кеткен сау дагерге айналды бұлар. Мемлекет мүліктері мен зауыттар, жердің үсті мен асты жаппай жекелендіріліп, шенеуніктердің туыстары мен достарына тиын-тебенге сатылды. (Енді эко номиканың қалғанын тағы да жеке лендіріп, Қазақстан атты мемлекетті жойып, пышақ үстінен үлестіріп, бөліп алмақ ниетте). Экономикамыздың күре тамыры саналатын стратегиялық нысандарға шейін егелік етіп отырған шетелдік компаниялар мен жоқтан пайда болған олигархтар билікте отырғандардың сыбайластары болып алған. Мемлекеттік стратегия, тактика деген түсініктері, мемлекеттік бас қару ілімдерін өз мүдделеріне бұрып, шенеуніктер билік құрған бейшара мем лекетіміздің қорасында қазір тыш қақ лағы да жоқ! Ұлт пен мемлекеттің алтын тұғыры мен іргетасы – Жер-Анамыздың да болашағы бұлынғыр! Жекенің әупіріммен, пара беріп, жемқорлық шырмауында жүріп өндір ген өнімдерін өздері өндіргендей есеп беріп, өзгермелі статистикаға кіргізіп үйренгендер салық жинаушының рөлін ғана ойнап жүргендерімен істері жоқ!

 

Жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруа шылығы күйреген. Тұрмыстық химия өнімдері, киімнің барлық түрлері мен аяқ киім, ине мен түймеге дейін, ішкиім мен дамбал, сүлгі мен бет орамалға дейін импортталады. Көкөніс пен картоп, жеміс-жидек пен басқа да азық-түлік түгелге жуық шеттен келеді. Нарықтық қатынастардың басты заңдылығы – мемлекеттік және жеке меншік кәсіп орындар мен шаруа шылықтар өндірген өнімдерін өткізу жолындағы бәсеке лестік үрдісі біздің елде мүлдем жоқ. Ғылыми негіздел меген, жан-жақты сарапталма ған жаппай жекешелендіру науқанының нәти жесінде, өкінішке ор ай, елімізде шынайы нарықтық қаты нас тарға негіз делген экономика қалып таспады. Оның үстіне қазіргі күні ме таллоломға айналып, күйреуден аман қалған мемлекеттік кәсіпорындар жекеге сатылып кеткен соң, бәсекелестіктен айы рылған жеке меншік кәсіпорындар арасында баға белгілеудегі «гүлденген сыбайластық ты» жоюға мемлекет мүл дем қауқар сыздық танытуда. Оның да басты себебі – мемлекеттік жауапты қыз метте отыр ғандардың түгелге жуы ғы бизнесменге айналған. Яғни, мем лекеттік қызметте отырғандар жақын дары арқылы эко номиканың бар сала сындағы жекеленген нысандарға егелік етіп, сол саланың өркендеуіне ғана мүдделі боп, мем лекеттің емес, жеке мүдделікті көздеу тұрғысында әрекет етсе, экономика қалай дамымақ?! Жаппай жемқор лықтың нәтижесінде мем лекеттің іргетасы саналатын медицина мен білім саласы да тоқырауға ұшы рады. Ұлттық қор мен зейнетақы жүйесі де тұралап тұр.

Қитұрқы ойындардың хас шебер леріне айналған биліктегі қулар мемлекет қазынасы ортайып бара жатса, ұлттық валютамыз – теңгені құнсыз дан дыра салады. Себебі экономикасы да мыған елдердің шикізат базасына айналып үлгерген Қазақстан экономикасы шикізаттың әлемдік нарық бағасына тікелей тәуелді. Экспортқа негізінен руда, түсті металл, астық пен мұнай, та биғи газ сатып, тапқан қымбат валютаға арзан теңгені алмастырып, оп-оңай бюд жет жыртығын жамай салады. Үкі меттің қулығы осылайша 27 жыл бойы жалғасып келеді. Негізгі ауыртпалық пен тұрмыс тауқыметтері халқымыздың мойнына ілініп қойылған. Мұндай кор рупцияға негіз делген жабайы капита лизмді экономикалық саясат үлгісі ретінде ұстап отырған әл емде бізден басқа бірде-бір мемлекет жоқ шығар?! Кім бұл елді осындай ах уал ға жеткізген?

Міне, Атамбаев мырза осыны айтты. Ол нағыз азамат, әрі хал қымыздың шын досы екен!

Бір ғана мұнайдан басқа бай лығы жоқ, су мен тасты да, түкке жарамсыз болған соң құмды да импорттайтын, бүкіл стратегиялық коммуникацияларды мемлекет меншігінде ұстап отырған араб елдерінің бәрін айтпай-ақ, екеуін ғана салыстырмалы түрде тілге тиек етейік. Сауд Арабиясының ұлттық валютасы – риалдың құны 1952 жылы АҚШ долларымен салыстырғанда, 1$ = 3,75 риал болса, Біріккен Араб Эмират тарының ұлттық валютасы дирхем: 1$ = 3 дирхем арада 40 жыл өтсе де, сол күйінде өзгермей тұр.

Ал табиғи ресурстары жоққа тән Тәжікстан, Қырғызстан, Армения сияқты елдердің валюталары 1992 жылдан бері еш құнын жоғалтпай келеді. Оған 2017 жылы 12 қазанда ҚР Ұлттық банкі белгілеген валюта курстары дәлел бола алады. Тәжікстанның ұлттық валютасы 1 сомони = 38,22 тенге, 1 қырғыз сомы = 4,91 тенге, ал Арменияның 10 драмы = 7,01 теңгеге тең болған (11.10.2017. Интерфакс-Казахстан). Бұл елдерде халықтың төлеген салығы жемқор шенеуніктер арқылы ұрланбайды, «қосарланған бухгалтерия» мен «көлеңкелі экономика» деген сұмдықтар атымен жоқ, тө ленген салық толығымен қазынаға түседі. Бюджет жыртығын жамау үшін, ұлттық валютаны қымбат татып, алаяқтықпен немесе түсіп жатқан қосымша құн салығы жеке қорлар арқылы айналмайды. Салық төлеушілердің төлеген жарнасынан құралған мемлекет қар жысы шенеуніктердің тұралаған банктерін ешқашан да жарыл қа майды. Істі жүргізе алмайсың ба – банкротсың. Бітті. Жөніңді тап. Ша маң жететін шаруамен айналыс!

Бұл елдерде шеттен келген қарыздар мен инвестициялар жаңа озық технологиялы зауыттар мен фабрикалар салуға жұмса лады. Түркімен елі зауыттарын тү гел жаңа технологиямен жарақтап, жеңіл өнеркәсібі ғаламдық стан дарттарға сай өркендеп, өнімдері Еуроодақ мен АҚШ-қа шыға ры луда. Бұл елде жалпы өндірістің барлық саласы да алға кетіп, Орта Азияның эмиратына айналды. Кас пий жағалауына біздер емес, олар бірінші болып ірі демалыс аймағын салып тастады. Экономикасының алға басуының арқасында Түркі менстан коммуналдық қызметтің тегін болуына қол жеткізді.

Міне, бұл жоғарыда аталған елдерде біздегідей ұрлық пен жаппай жемқорлықтың жоқ екендігінің, имандылықтың бар екендігінің, үкіметтерінің де заңға бағынатын дығының бірден-бір белгісі. Адамзат өркениетін сақтап қалатын – қулық пен сұмдық, озбырлық емес, әділеттілік пен шындық, иман дылық пен адамгершілік, мейірім мен шапағат.

Ал билігіміздің «арқасында» те періш көріп келе жатқан біздің ұлттық валютамыз, Азаттықтың арқасында жүздеген жылдардан кейін қайта туған теңгеміз (KZT) 1993 жылдың 13 қарашасында 1$ = 4,75 KZT болды.

1994 жылы 1$ = 54,26

1995 жылы 1$ = 60,93

1996 жылы 1$ = 67,29

1997 жылы 1$ = 75,42

1998 жылы 1$ = 78,29

1999 жылы 1$ = 119,64

2000 жылы 1$ = 142,10

2001 жылы 1$ = 146,74

2002 жылы 1$ = 153,28 KZT

2003 жылы мұнай шикізатының баррелі шарықтау биікке көтерілген соң, экономикамыз да ілгерілеп, доллар бағамы да біршама тө мендеді. Ал мұнайдың баррель бағасы төмен құлдыраған 2014 жылдан теңгемізді құнсыздандыру қайта басталды: 2014 жылы 1$ = 185; 2015 жылы 1$ = 275; 2017 жылдың 12 қазанында 1 АҚШ доллары – 334,25 теңгеге тең болды.

Ал бүгінгі күні Қазақстан Республикасының шетелдіктер алдындағы жалпы қарызы 170 миллиард АҚШ долларына жуықтап, еңкейген қариядан бастап, бесіктегі сәбиге дейін, жан басына шаққанда 9 мың АҚШ долларынан асып кеткен.

Жағдайымыз осылай болса, онда біз кімге өкпелейміз? Осыған да Атамбаевты кінәлаймыз ба?

Ілесбек БАЙЖАНОВ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі,

Шымкент шаһары


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн