Біздің биліктің ҚЫРҒЫЗҒА күлетін жөні жоқ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

Желідегі жазба


 

«Қырғыз-қазақ бір туған, арамызға от түспесін» деп аттандап жат қандар бар. Қырғыз-қазақ арасында бейне бір соғыс басталып кететіндей ентігеді-ей кеп. Биліктің ойлап тапқан бар амалы осы болса керек… Халықты ақымақ көре ме?! Атамбаев біздің биліктің намысына тиген шығар: ұры екенін бетіне басып, бірақ қазақ халқының намысына тиетін сөз айтқан жоқ!

Сосын біздің шенеуніктер көршіге берген көмегін бұлдағаны өз алдына, мұңлық қырғыздардың бараxолкада сауда еткенін міндетсіп қоймайды. Біздің қазақ қыр ғыз дың текстилін (мата, киім-кешек – Ред.) таситынымен шаруасы жоқ.

Ау, қазақтың жартысынан көбі қырғыз шығарған тауарды тұтынып отырған жоқ па?! Сол бараxолкада қырғыздардың киімін жан-жақтағы аймаққа тасып жүрген кім? Өз қазағың емес пе? Қытайдан тасымалданатын тауарды өзіміздің Қорғасты қойып, Қордай арқылы тасып жүрген кім екен? Тағы өз қазағың… Керемет болсаң, қырғыз дардай жеңіл өнеркәсіпті өзімізде дамыт, сөйт те солардың рыногын жаула. Салығың ды азайтып, кәсіпкерлікке жолын аш.

Шын намысың болса, жұртқа телміртпей, өз қазағыңды өзің киіндір. «ЭКСПО бізде ғана өтеді, мықты елміз» деп, өтірік күшене бергенше, әлеуметтік төлемдерді – жалақың мен зейнетақыңды, түрлі жәрдем ақы ларыңды біздегі ішкі жалпы өнімге сәйкес қырғыздардан тым құрығанда 10 есе көбейт… Біздегі әлеуметтік төлемдер өзіміз менсінбейтін қырғыздан бір жарым ғана есе көп. Позорище! Минималды күнкөріс өл шемін кедей қырғызбен бірге қою – өлім ғой біздің билікке…

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

 

 

Бұл екі арада

 

Еуразиялық одақ САЯСИ ОЙЫН алаңына айналды

 

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) талаптарын орындамай отыр деп хабарлайды Azattyq.org Қырғызстанның Экономика министрлігі таратқан мәлімдемеге сілтеме жасап.

 

Қазақстанның шекара өткізу бекетіне қос ым ша ба қылау енгізуі ЕАЭО жөніндегі негізгі келіссөздің ұстаным дарына сәйкес кел мейді. Бұл Еуразиялық эко номи калық интеграцияның бола ша ғына қауіп төндіреді де лінген Қырғызстанның Экономика министрлігі та рат қан мәлімдемеде. Онда сонымен бірге Қазақ стан ның шекарада тауардың еркін өтуіне шектеу қойып жат қаны айтылған.

Осыған байланысты Эко номика министрлігі Еу разиялық экономикалық комитеттің төрағасы Тигран Саркисянға тиісті хат жолдап, 2014 жылдың 29 мамырында қабылданған ЕАЭО жөніндегі келіссөздің талаптарын таяу уақытта алқа жиынында қарауды сұраған.

Қырғызстанның мем ле кеттік шекара қызметінің мә ліметіне қарағанда, «Ақ жол-Автожол», «Ақ-Тілек» өткізу бекеттерінен осыған дейін 8 мыңнан астам адам еркін өтіп, 662 көлік кедер гісіз қозғалып келген. 10 қа заннан бастап тәулігіне 3 мыңнан астам адам мен 357 көлік әрең өтетін болған, дей ді Azattyq.org Қырғыз станның Экономика мин истр лігі таратқан мәлім демеге сүйеніп.

 

Расында, ақпарат агенттік тері тарат қан хабарлар ағынына қара ғанда, Қазақстан билігі Ре сейдің «одақтастарды ауыз дықтау» үлгісіне салып, қа зақ-қырғыз шекарасы мен кеден бекеттерінде ветери нариялық және фитоса нита риялық бақылауды күшейту амалын қолдануда. Мәсе лен, Қазақстан жағы соңғы бір аптада Қырғызстанға 105 тонна азық-түлік өнім дерін қайтарды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруа шылығы министрлігінің бас пасөз қызметі.

«Ағымдағы жылдың 10 қазанынан бастап Қазақ стан-Қырғыз шекарасында ветеринариялық бақылауы күшейтілген. Осы уақытта 6 шекаралық ветеринариялық бекеттерінде 32 инспектор іске қосылды», – делінген хабарда. Ведомство сайтында көрсетілгендей, сонымен бірге өнімнің тағай ындалған жерінде кіргі зілген қырғыз өнімінде тыйым салынған және ластаушы заттарды (антибиотиктер, микроорганизмдер, ауыр металдардың тұздары және т.б.) анықтау бойынша ба қылау мен қадағалауды кү шейту жөнінде нұсқама бе рілді.

Бүгінгі күнге Қазақстанға өз өнімін кіргізуге құқығы бар кәсіпорындар тізімінде (ЕАЭО кәсіпорындар тізімі) 25 қырғыз кәсіпорны бар, оның ішінде: 15 – сүтті қайта өндейтін; 8 – балықты қайта өндейтін; 2 – дайын ет өні мін өндірушілер кәсіпорын дары бар. Қырғыз тауарларына қатысты ветерина рия лық бақылау күшейтілгеннен кейін, екі ел арасындағы сауда-саттықтың көлемі күрт төмендеген.

Шекаралық кеден бекет теріне қойылған осындай жасанды кедергілер ЕАЭО ішіндегі тауарлардың еркін айналысына мүмкіндік бе ретін одақ нормаларына сай келмейді. Айналып келгенде, бұл жағдай Еура зиялық одақтың экономи калық мақсаттар үшін емес, бір елді екіншісінің саяси қоқан-лоқымен жаншу және сол арқылы әлсіз елді ба ғындыру саясатына негіз деліп құрылғанын көрсетсе керек.

Айсұлу ОСПАН,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн