ҚҰДАЙҒА ШҮКІР, Қайрат Нұртас ӘЙЕЛІН КӨРСЕТТІ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №37 (401) от 12 октября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


 

 

Елді сұлулығымен тәнті еткен Қайраттың жары алғаш рет сұхбат берді, деп жазады Nur.kz интернет-порталы.

 

Алғаш рет ел алдына шыққан Қайрат Нұртастың әйелі Nur.kz порталына эксклюзивті сұхбат берді. Ата-енесі мен күйеуі көпшілікке көрсетпеген он жыл ішінде Жұлдыз қандай күйде болғанын айтты.

«Маған бұл жиі қойылатын сұрақ болғандықтан, өзіме ұнамайды. Бірақ жауап берейін: әр адамның өзінің жеке өмірі, жеке әлемі, ұстанымы, өмірге деген көзқарасы, заңдылығы мен отбасындағы тәрбиесі болады. Ешкім онымен бөлісуге міндетті емес. Мен Қайратқа тұрмысқа шыққанымда, Қайрат өнерде енді ғана тәй-тәй басып, жұлдызы жарқырай бастаған кезі. Мен Қайратпен бірге шаңырақ көтергенде, сахнада ән айтамын деп шыққан жоқпын, осы отбасына келін болып, дүниеге ұрпақ әкелсем деп, шаңырақтың түтінін түтетіп, үйдің жылулығын ұстасам деп тұрмысқа шықтым, Қайраттың артынан жүрейін деп емес…» – дейді Жұлдыз.

«Арман» фильмінің БАҚ өкілдеріне арналған ресми ашылуында Жұлдыз өзі ойнайтын басты рөлі туралы да айтты. «Фильм Қайрат пен Жұлдыздың жеке өмірінен алынған деп шатаспауларыңызды сұраймыз. Мен актриса болғандықтан, алған білімімнің жемісі деп білемін. Сондықтан сіздер киноны көріп, өз бағаларыңызды бере жатарсыздар. Біз киноны түсірген кезде өмірлік мәні бар, көрермен ой түйіндеуге болатын оқиға болса деп алдық», – деді Жұлдыз Әбдукәрімова.

Ең алғаш Қайраттың «Арман» әнінің бейнебаянына түскен Жұлдыз актриса мамандығын тәмамдағанымен, әншіге тұрмысқа шыққаннан кейін 10 жыл үйде отырған. «Маған оңай болған жоқ. Екі жыл жұмыс істеп, дайындалдым. Жұмысқа бірден кірісіп кету оңай болмады», – дейді Жұлдыз.

Еске салсақ, жуықта Алматыдағы Esentai mall кинотеатрында Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Әбдукәрімова басты рөлді сомдайтын «Арман» фильмінің тұсаукесері болды. Фильмнің тұсаукесер шарасына қала әкімі Бауыржан Байбек келді.

Nur.kz

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн