ДЕПУТАТ ДЕДІ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

 

Апта аптығы

 

 

Дөп сөз

 

Қарапайым арифметика… ЭКСПО-ға жұмсалған 400 млрд теңге – Алматыдан 32 500 адамға 40 мың долларлық бір-бір пәтер алып беруге жететін қаражат немесе оған 400 миллион теңгеден 500 балабақша, 500 мектеп салуға болатын еді…

 

Реплика

 


 

 

 

10 маусымда «Қазақстан» арнасынан бір телебағдарламаны көрдім. Жүргізуші депутат Сауытбек Әбдрахмановқа сұрақ қойды. «Президент мақаласында айтқандай, сана өзгерсе, адам өзгереді. Адам өзгерсе, қоғам өзгереді» дейді «дана» депутатымыз.

Кері сұрақ қойғым келді: «Депутат мырза, ал билік өзгермесе, қоғам қалай өзгереді?» – деп. Оның тағы да айтқаны: «Кемеңгер президентіміз тағы да уақыттан озды…» – дейді. Шамасы, Сауытбек мырзаның іші сезеді: әбден титықтап, билікті өзгертуге дәрменсіз қалған халықта «президенттің уақыттан» емес, «өмірден озғанын» күтуден басқа амал қалмағанын…

С.Әбдахманов: «Ардақты ағайын, еріншектікті қойып, Елордаға келіп, көрмені көруге асығыңыздар… Елдігімізді көрсететін сәт».

Иә, «елдігін көрсететін» сәт үшін Қазалы және Арал аудандарынан әрқайсысында елу адамнан бірнеше автобуспен Астанаға бір жарым күнде жетіп, таңертеңнен кешке дейін ЭКСПО-ны аралап, сол күні кері қайтты. Олар қайтып келе жатқанда, Қазалы тағы да елу адамды шығарып салды. Көбісі – мұғалімдер, әкімдіктің және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері. Солардың телеарналардан: «Бізді ешкім мәжбүрлеген жоқ, билетті өз еркімізбен алдық», – дегеніне сау адам сене ме? Егер олардың айтқандары рас болса, 3 күн автобуспен жүргенше, пойызбен не ұшақпен келіп, ЭКСПО-ны бірнеше күн аралап қайтар еді.

С.Әбдрахманов: «Біраз жылдардан кейін ауылдарда күн энергиясын өндіретін батареялар қаптап кетеді, тек сатып алу керек…» деп, шамалыдан кейін өз сөзін теріске шығарғандай басқаша сөйледі: «ЭКСПО өтті екен деп, дүниежүзілік экономика аяқ астынан дамып кетпейді. Қазба байлықтардың пайдасын ұзақ көретін боламыз. Астана көрмесі – болашақтың бастауы. Адамзаттың болашақтағы мұрасы», – деді.

Менің ойымша, біздің билік бүгінгі елдегі жағдайды жасырып, тек болашақпен ғана өмір сүруді дүние жүзіне үйреткісі келетін сияқты.

Жәби СЕРІК,

Астана қаласы

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн