ДИМАШ ТАҒЫ ДАЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №31 (395) от 31 августа 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


Бұған дейін белгілі болғандай, осы аптада Димаш кезекті жүлдесіне ие болды. Ол Қытайда Fresh Asia music Festival байқауында «Ең үздік шетелдік өнер адамы» атанды.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Димаш «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық деңгейдегі ең атақты әнші», «Жылдың үздік әншісі», «Ең үздік шетелдік әнші» атақтарын алған еді. Қазақстандық эстрада әншілері арасында бір жылда осыншама жүлдеге ие болған өнерпаз жоқ. Ал музыка сыншылары «әлемде де мұндай жүлде жауыны болмаған» дейді.

Кезекті жүлдесіне ие болған Димаш сахнада тұрып, былай деген еді: «Ассалаумағалейкүм, құрметті өнер сүйер қауым! Баршаңызға шын жүректен үлкен алғыс білдіргім келеді. Осынау «Азияның жаңа әндері» атты үлкен тамаша фестивальда жеңімпаз атану – бір арманыма үлкен қадам басқаным болып табылады. Музыкада тіл жоқ, соны сіздер дәлелдедіңіздер. Алдағы уақытта Қытайда жеке концерттерім болады, сонда сіздерді күтемін».

Бұл екі арада Димашты Қазақстанға іздеп келген кезекті шетелдік жанкүйері пайда болды. Америкалық Патрис Груллион әншінің туған жерімен танысу үшін, өткен аптада Қазақстанға келді. Ол Астанада үш ай болып, қазақ тілін меңгермек ниетте. Қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімен таныссам дейді. Ол Димаш оқитын университетке барып көрді. Енді әншінің концертін көру үшін Ақтөбеге аттанады.

Сырым ДАТОВ

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн