Діни жолымен НЕКЕ ҚИЮ – заңға тартылады

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

Апта аптығы

 

 


 

Дін істері министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, заңды некелеспей, діни тұрғыда некесін қиятындар жауапқа тартылады.

 

Министр заңға осындай өзгеріс енгізу қазан айында мәжілісте қаралып, қараша, желтоқсан айында қабылдануы мүмкін екенін айтты.«Қазір заң жүзінде емес, діни тұрғыда неке қиып, бірге тұратындар көп. Осыған қарсы тұру үшін заңға өзгеріс енгізіледі», – деді Ермекбаев.

Заңда одан бөлек ел азаматтарының шетелде діни білім алу мәселесі, діни радикализм түсінігі, кәмілетке толмағандардың дін ісіне араласуы, деструктивті идеология мен діни ағымның таралуы мәселесі қаралады.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда бет-жүзді жауып тастайтын киім киіп жүруге тыйым салынбақ. «Бұл жерде идеологиялық, деструктивті діни ағым мәселесі тұр. Бұл фашистік, ұлттық, нәсілдік ұйымның артрибуты болуы мүмкін», – дейді министр.

«D»


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн