Елу елді мекен ТОПАНСУ астында қалды

Қазақстанда 50 елді мекен су басқан аймақтарда қалды, тағы 30-на суға кету қаупі төніп тұр, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко.

«Жалпы суға кеткен үйлер саны Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан; Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 17 ауданында 1149 үйді құрады. Қазіргі таңда 511 үй суға кетіп отыр», – деді В.Божко сейсенбіде «аймақтардағы орын алып отырған суға кету жағдайы және жүргізіліп жатқан апаттық-құтқару жұмыстары туралы» баспасөз мәслихатында.

Ол 89 учаскіде 173 шақырым көлік жолының, соның ішінде республикалық маңыздағы жолдарда да су жүріп кеткенін мәлімдеді. Қазір оның тек 1,9 шақырымы қалпына келтірілсе, 5 көпір бұзылған.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде Нұра өзеніне судың көптеп келуінен Қарағанды облысының тағы 20 елді мекенін су басу қаупі төніп тұрғанын, оның ішінде 5 елді мекенді толықтай су басатынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ақмола облысы мен Астана қала маңының 10 елді мекеніне суға кету қаупі төніп тұр.Топансудан эвакуацияланған 11 мың адамның қазіргі таңда 1265-і үйлеріне оралған, қалған 9907-сі эвапункттерде қалып отыр.                      ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн