ЕРЕУІЛДІҢ беті қайтты

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №19 (290) от 14 мая 2015 г.

 

Апта аптығы

 

 

Батыс Қазақстан облысындағы Чинарев мұнай-газ кенішінде 11 мамырдан бері ереуілдеп жатқан «КазСтройСервис» компаниясының жұмысшыларына келесі айдан бастап жалақыларына 15 пайыз көлемінде үстеме қосылады деп хабарлады кеше компанияның Орал қалалық филиалының директоры Рахматулла Алдамұратов.

 

Оның айтуынша, үстеме мөлшері жұмысшылардың біліктілігі мен санатына қарай шамамен 16–17 мың теңге (90 АҚШ доллары көлемінде) шамасында қосылады. Компания әуелде жасалған еңбек келісім-шартының қайта қаралмайтынын айтады.

Кеше жұмысшылардың көпшілігі жұмысқа шыққан. Ереуілге шыққан жұмысшылардың бастамашыл тобының өкілдері оқиғаға байланысты телефон арқылы түсінік беруден бас тартты. Ескерте кетейік, 11 мамырда «КазСтройСервис» компаниясының вахталық әдіспен жұмыс істейтін ондаған жұмысшысы жалақыны көбейтуді талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан. Өткен жылдың қараша айында да «КазСтройСервис» жұмысшылары жалақыларын көбейтуді талап етіп ереуілге шыққан. Екі күндік наразылықтан соң, компания басшылығы жұмысшылардың талабын жартылай орындауға келіскен.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн