Генерал Рахимовтың ескерткіші ӨЗ ОРНЫНА ҚОЙЫЛАДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №18 (430) от 10 мая 2018 г.

 

Соғыстан жеткен жаңғырық


Совет Одағының Батыры генерал Сабыр Рахимовтың Ташкенттегі ескерткіші бұрынғы тұрған орнына қайта қойылатын болды, деп мәлімдеді Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Наманган облысына сапарлап барған Мирзияев генерал Рахимовтың ескерткішін қала орталығына қайта орнату – «тарихи әділеттілікті қалпына келтіру» актісі болатынын айтты.

 

Сабыр Рахимов Екінші дүниежүзілік соғысқа 1941–1945 жылдары қатысқан, соғыстың соңына қарай атқыштар дивизиясының қолбасшысы болған. «Темір генерал» деген лақап атқа ие болған Рахимов 1945 жылы наурызда Еуропада одақтастар әскері Германияны жеңуге бірнеше апта қалғанда қаза тапты. 1965 жылы оған өлгеннен кейін Совет Одағының Батыры атағы берілді. 1981 жылы Ташкенттің орталығында генерал Рахимовқа ескерткіш орнатылған еді. 2010 жылы ол ескерткіш қала сыртындағы паркке ауыстырылып, Ташкенттегі оның аты берілген көше мен ауданның атауы өзгертілді.

Шавкат Мирзияев өткен айда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ұлты әртүрлі 15 жетімді асырап алған өзбек отбасына орнатылған совет кезеңінің ескерткішін бұрынғы орнына қоюға пәрмен берген.

 

Душанбенің билігі «ӨШПЕС ПОЛК» шеруіне рұқсат бермеді

 


 

Душанбеде Ұлы Отан соғысы құрбандарын еске алуға арналған «Өшпес полк» шеруі биыл болмайды. Тәжікстан астанасының билігі қауіпсіздік шараларына сүйеніп, мұндай шеру жасауға рұқсат бермеді.

 

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында ардагерлер одағы қалалық әкімдікке «Өшпес полк» шеруін өткізу туралы өтініш түсірген. Дәл осы уақытта әлем елдерінде орыс мәдениетін насихаттаумен айналысатын «Россотрудничество» өкілдігі соғыс ардагерлерінің суреттері мен плакаттарды 9 мамырға тегін басып беретінін хабарлаған.

Есімі аталмағанын қалаған қалалық әкімшілік өкілі 8 мамырда Душанбеде Жеңіс күніне орай көптеген шаралар өтетінін, бірақ оның ішінде «Өшпес полк» шеруі жоқ екенін айтты.

Ардагерлер одағы да ресми рұқсат берілмегенін растады.

«Өшпес полк» акциясы – соғысқа қатысқан ардагерлердің суреттерін көтеріп шерулету – соңғы бірнеше жылда Ресейдің көптеген қалаларында, сонымен бірге бұрынғы КСРО мемлекеттері мен басқа да елдерде 9 мамырда ұйымдастырылады.

Душанбе билігі мұндай шеруді өткізуге өткен жылы да рұқсат берген жоқ. Соған қарамастан, әскери шеру аяқталған соң, жүздеген душанбелік «Өшпес полк» акциясына қатысқан.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн