КУБА ҚҰРЛЫ бола алмадық

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №45 (362) от 08 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Кубада жеке басқа табынушылыққа жол бермеу үшін, қайтыс болған Фидель Кастро атын көшелерге беруге және оған ескерткіштер орнатуға тыйым салынады, деп мәлім етті оның бауыры Рауль Кастро.

 

 

ВВС орыс қызметі хабарлағандай, Фидель Кастроның өртеп жіберілген мәйітінің күлі салынған сауыттың Гаванадан Сантьяго-де-Кубаға сапарының аяқталуына арналған шарада Ф. Кастроны жақтаушыларының алдында сөйлеген сөзінде оның бауыры, аралда 2006 жылдан бері басшылық жасап отырған Рауль, парламент өзінің келесі сессиясында заң қабылдап, онда Ф. Кастро атында көшелерді, саябақтарды атауға және басқа да қоғамдық орындарды атауға, сондай-ақ оның құрметіне ескерткіштер мен кеуде мүсіндер орнатуға тыйым салатын болады деп уәде етті.

Хабарда айтылғандай, ондай заңның қабылдануы Ф. Кастроның өз қалауы болған. Рауль мәлім еткендей, Фидель тірі кезінде өзінің есімі мен бейнесін пайдалануға тыйым салған. Ол Кастро бейнесінің өзінің серіктесі Эрнесто Че Геваро бейнесіне қарағанда коммерциялық мақсатта өте сирек қолданылғанын дәл осылай деп түсіндірді.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн