Лауазымгер ГЕНЕРАЛ ҚАМАЛДЫ

Газетіміздің өткен санында дереккөздің ақпарына сілтеме жасап хабарлағанымыздай, Алматы қаласы қаржы полициясының экс-бастығы Әмірхан Аманбаев 2 айға тұтқындалғанын қалалық соттың баспасөз қызметі растады.

«Медеу аудандық сотына Алматы қаласы прокурорының орынбасары қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны және жалған кәсіпкерлік жасағаны үшін Алматы қалалық ЭСЖКД-нің бұрынғы бастығы А.Т. Аманбаевты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы Жемқорлыққа қарсы агенттіктің жедел-тергеу тобының басшысының өтінішін қолдаған қаулысымен жүгінген», – делінген бейсенбідегі хабарламада.

Түсіндіріліп өткендей, соттың 2015 жылғы наурыз айының 5 күнгі қаулысымен сезікті А.Т.Аманбаевқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алуға санкция берілді. Осы ретте, дереккөздің ақпараты бойынша, Ә. Аманбаев уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторы ТИ-1 ауыстырылды.

Сонымен қатар, ол атап өткендей, тергеуді мемлекеттік қызмет істері және Жемқорлыққа қарсы департаменті жүргізуде.

Хабарланғандай, 2 наурызда 20.00 шамасында Алматыда ҰҚТ басқарады деген күдікпен генерал-майор Әмірхан Аманбаев тұтқындалды. Қамауға алу барысында 55 жастағы Ә.Аманбаевтың жағдайы нашарлап, жедел жәрдем шақырылды.

Әр жылдары Әмірхан Аманбаев Қостанай және Қарағанды облыстарының прокуроры, әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы, әділет министрінің орынбасары болған. 2012 жылдың ақпанынан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес департаментінің бастығы. 2014 жылдың күзінде Экономикалық және жемқорлық қылмыспен күрес агенттігінің қайта құрылуына байланысты Бас прокуратураға жұмысқа ауысқан. Өзге дереккөзден белгілі болғандай, ҚР Қаржы полициясы бастығының қызметіне лайықты үміткерлердің бірі болған.

Еске салсақ, 2015 жылдың ақпанында Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Ол ұзақ уақыт бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың, соның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің бүркемелеуімен жалған кәсіпорындар құру арқылы ақшалай қаражатты қолма- қол ақшаға айналдырумен айналысып келген. Ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушылары 20 жалған кәсіпорын құрған, 2012 жылдың қазанынан бастап 2014 жылдың желтоқсаны аралығындағы олардың айналымы Т60 млрд-тан астам болған. Ал олардың қызметінен бюджетке төленбеген салық түріндегі шығын Т4 млрд-тан асқан. Сотқа дейінгі тексеру аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 қатысушысы Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар: С.Ильин, В.Федотов, Б.Баудинов, Т.Каримов, А.Зубарев, Д.Абдиев,       Р.Есенжанов және Н.Шаукеров.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн