ЛЕНТА ТАРАТҚЫШ ЕЛШІЛІК Ресей азаматтығын да таратып жатыр

 

Республикалық «Болашақ» жастар қозғалысы ұйымдастырған «Екінші Дүниежүзілік соғысқа қайта баға беретін кез келді» деген дөңгелек үстелде Ресей елшілігінің әрекетін сын тезіне алдым… «Лента таратқыш» елшілік Қазақстанда отырып-ақ отандастарымызға Ресей азаматтығын беріп жатыр. Құдай бетін ары қылсын, бұлай жалғаса берсе, Қырым сценарийі бас қаламыз Алматыда қайталануы мүмкін. Сондықтан, Екінші дүниежүзілік соғыс­қа, орысқұлдар мен орысшылдар тұмсығын сұғатын кез келген салаға қазақы көзқараспен қарауымыз қажет.

Қазақстанда бипатриоттардың көбеюіне Ресей тарапы «қомақты» үлес қосып жатыр. Ғаламтор беттерін ашсаңыз, «Қазақстан азаматы Ресей азаматтығын қалай алады?» деген секілді талқылаулардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ең сорақысы – сол заңдық тұрғыда Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ, Ресей азаматтығын алуға болады екен. Оны Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жүзеге асырады. Жарнамасына қарасаңыз, жағаңызды ұстайсыз. Онда азаматтықтың құжаттарын Ресейден гөрі, Қа­зақстанда рәсімдеу жылдам, әрі тиімді екені жазылған. Талаптары да қызық… Егер де сіздің әкеңіз немесе шешеңіз Ресей азаматы болса, 2002 жылдың 1 шілдесінен кейін Ресейдегі арнаулы немесе ЖОО-да оқысаңыз, кезінде КСРО азаматы болып, қазір ешбір елдің азаматтығын алмаған болсаңыз, Ресейдің елшілігіне барасыз да, қызыл төлқұжатты жан қалтаңызға басып шығасыз.

Бұл нені білдіреді? Бұл – еліміздегі кез келген адам Ресей мемлекетінің азаматы бола алады деген сөз. Олар Ресей аза­маттығын алғаннан кейін көшіп кете ме? Сұраққа нақты жауап беру қиын. А, айтпақшы орыс тілінен сынақ тапсыруға міндеттісіз. Ол сынақтың өзін Қазақстандағы «Знание» қоғамдық қоры өкілдері қабылдайды.

Қанат ӘБІЛҚАЙЫР,

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн