Маржанның бір арманы ӨКІНІШТЕН ҚҰРАЛҒАН

Әттең-ай!

 

Жуырда талантты әнші Маржан Арапбаева тыңдармандарымен өзінің арманы туралы бөлісті. Онда ол өз өміріне разылығын айтып, өткенінен бір-ақ нәрсені өзгерткісі келетінін жеткізген.

Бұл туралы әнші: «Мен өмірде бір нәрсені ғана өзгертер едім. Анам тірі болса, сол кісімен уақытымды көбірек өткізетін едім, теңізге апарып, қыдырар едік. Осыны ғана өзгертер едім, ал қалғанының бәріне мен ризамын», – деген болатын.

Сонымен қатар өзі жайлы біраз сырдың басын ашқаны бар. Айталық, өнер жолын бастамас бұрын мектепте ұстаз болып жұмыс атқарады. Арада бір жыл өткесін мейрамханаларда ән айта бастаған. «Ол кезде мейрамхана жұмысы енді көтеріліп, жақсы дамып жатқан еді. Содан 5–6 жыл бойы сол жерде әнші болдым. Әншілердің арасында «кабакская школа» деген ұғым бар: сол мектептен өткен әншілерді көп нәрсені көрген, білген, даусы да мықты деп түсінетін. Сондықтан мен кабактың мектебінен өттім деп ойлаймын», – дейді әнші Арапбаева.

Бәлкім, бүгінгі қазақ эстрадасындағы жас әншілер үшін сол «кабакская школаның» қадірі – қазақы «той мектебінен» асар-аспас. Оның жыры бізге жат. Ал сөз басындағы Маржанның өзгерткісі келетін «бір нәрсесі» – анасын бұл өмірге қайтара алмайтын өкініші. Амал нешік, сол өкініштің орнын басар сезім – өзінің де арманшыл балаға ана болған құдіреті шығар…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн