МИНИСТР ҚАСЫМОВТІРКЕУ ЗАҢЫ ҚАШАН шыққанынан хабарсыз екен

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №1 (365) от 12 января 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

 

Үкіметтің бұрнағы күнгі өткен отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ел азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және уақытша тіркеуге қатысты түсіндіру жұмыстарын дер кезінде жүргізу керектігін айтып, ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовты сынға алды.

Осы орайда үкімет басшысы Б.Сағынтаев ішкі істер министрінен осы мәселеге қатысты заң қай уақытта қабылданғанын сұрады. «Желтоқсанның 28-і», – деді министр Қалмұxамбет Қасымов.

«Жоқ, желтоқсанның 22-сі күні біз тиісті заңға қол қойдық. Ал алғашқы түсіндіру материалдарын біз қай кезде бердік? Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы бірінші дүрбелеңнен кейін бердік. Сіздер аталған норманың xалыққа тікелей қатысы бар екенін білдіңіздер ғой. Түсіндіру жұмыстарын желтоқсанның 22-сінде бастай алмадыңыздар ма? Ашығын айту керек, xалық не істерін білмеді. Содан қызмет көрсету орталықтарына лап берді», – деді Б.Сағынтаев.

Ult.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн