НАЗАРБАЕВ өзінің ресейшілдігін ДӘЛЕЛДЕДІ

 

Ресейдің «Россия 24» телеарнасы мамырдың 26-сында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан алынған сұхбатын жариялады. Сұхбатта Қазақстан президенті әлемдік экономикалық дағдарыс, Украинадағы жағдай, «Қытайдың Қазақстан экономикасына ықпалы» жайлы айтқан.

Назарбаев «Қазақстан үшін дағдарыс сыртқы үш фактордың әсерінен туындады. Алғашқысы – Қазақстан экспорттайтын мұнай-газ бен металл бағасының арзандауы. Екінші себеп – Ресейге салынған заңсыз санкция. Санкция БҰҰ-ның мақұлдауынсыз салынды. Бұлар, әрине, көршіміз Ресейдің дамуына кедергі келтіріп отыр. Ресей – бізге көрші, әрі біз үшін үлкен нарық. Қазақстан Ресеймен бірге Еуразия экономикалық одаққа мүше» деді.

Журналист Қазақстан президентінен «постсоветтік кеңістіктегі дана саясаткер ретінде» «Санкция салынған екен, енді оған қалай болғанда да бейімделу керек пе, әлде санкцияның жойылғанын күткен жөн бе?» – деп сұрады.

Назарбаев «санкцияға үйреніп кету мүмкін емесін» және оның «барлығына бірдей зияны тиетінін» айтты.

– Еуропаның өзінде бір-біріне санкция салғанды кейбіреулер қолдай бермейді. Біріншіден, еуропалық іскер адамдардың көбі капитал салып, ақша табатын Ресей сияқты үлкен нарықтан айырылды. Ресей жағының да бұдан тартқан шығыны үлкен. Сондықтан да санкциядан ешкім ұтпайды. Бірақ мұндай қиындықтар бұрын да болған, – деген Назарбаев СССР-дің де санкция астында өмір сүргенін айтты.

– Мұндай санкциялар 1980 жылғы Мәскеу олимпиадасы кезінде салынды, ауған соғысынан соң тіпті күшейді. Бірақ мұның барлығының не керегі бар? – деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев санкциялық саясаттың Украинадағы жағдаймен байланысты екенін, Украинадағы ахуалдың ұштығы Ресейге де тигенін айтты. «Ресей мен Украинаның өзара түсіністікке келіп, тіл табысатын уақыты таяды. Еуропалық жетекшілер де мұны қалап отыр», – деді Қазақстан президенті.

Халықаралық экономиканың өз ережелері бар. Бүгін ешнәрсе істемесек, кейін не болады?» – деді Назарбаев. Айтуынша, Астана Пекинмен бірнеше кәсіпорын құрылыстарына қатысты келісім жасасу үстінде.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн