ҮНЕМ ҮШІН КҮРЕС ЖОЛЫНДА…

 

Астанада Баку кварталы салынады

Елордада Баку орамы, жаңа интеллектуалды тұрғын үй кешендері, бірегей саябақтар пайда болады, делінген Астананың ресми сайтында жарияланған хабарда.

Бұл жайында Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы ұйымдастырған «Астана Бас жоспар» ғылыми-зерттеу жобалау институты» ЖШС семинар-кеңесінде белгілі болды. Таныстырылымда түрлі шетелдік құрылыс компанияларының өкілдері Астананың заманауи қайталанбас келбетін қалыптастыруға қандай үлес қоса алатындарын айтты.

– Біз Астана құрылысына ат салысып, «Caspian Palace» тұрғын үй кешенін салдық. Қазір Астанада француз, ағылшын, Милан орамдары салынып жатыр. Біз Баку орамын салу жобасын дайындау үстіндеміз. Жақын арада ол да Астананың көркін аша түседі деп үміттенеміз, – деді «Caspian Service» әзербайжандық құрылыс компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Рашим Сұлтанов.

Ал еске сала кетсек, үкіметтің жуықта өткен кеңейтілген отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев елді жайлаған экономикалық кризис жағдайында үнем үшін күресу керек деген еді. Қазынаның қаржысын үнемді пайдалану мақсатын баса айтқан президент тіпті мектептегі балаларға тамақ беруді де тыю керек деген-ді.

Ендеше, тақыр даладағы Астанаға француз, ағылшын, Милан, Баку ормандарын қаулатамыз деп әлек болу – қандай үнемнің әлпеті болады? Бәлкім, орманды қоя тұрып, алдымен елдегі шағын және орта бизнесті қаулатып алған дұрыс болмас па еді?

Сауыр САЙҚАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн