ҚОҢЫР ДАУЫСТАН неге айырылып қалдық?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №38 (402) от 19 октября 2017 г.

 

ОЙДАН-ҚЫРДАН

 

Сырттай сұхбат

 


 

Болат Атабаев: Бағлан! Қазақы ән табиғатына жат жыбыр-жыбыр мелизмдер қаптап кетті. Сүйретілген, ырбиған глиссандо! Әншілердің мияулаған әніне таңдайларын қағып отырған коммент тер ді оқып, талғамның соншама құл дырағанын көрем. Слащавость, гламурность, китч во всем! Әлем-жәлем киініп, жарқ-жұрқ арзан жылтырларды тағып, бетте бір тонна грим, ауызды өтірік ашып-жауып, сахнада ұялмай жүреді ғой. Әнді жеткізу емес мақсат! Камера қай жа ғымда, дұрыс ракурста тұрмын ба, аузымды әдемі ашып, көзімді дер кезінде жұм дым ба? Бар ойлары осы! Әдемі көріну, ұнау!

Осы тақырыпта зерттеу жұмыстарын неге жүргізбейсіңдер, осыны ойлайтын музыковедтер бар ма?! Магистрлік еңбектің тақырыбы етіп алуға болады ғой! Мысалы, Зыкинаның даусынан орыстың музыка мамандары «Орыс ән өнерінің» этнообразын /этнобейнесін/ жасады. Қазақта неге жоқ?! Қазақы қоңыр дауыс /Омарова, Қойшыбаева, Есімжанова, Абдрахмановалардың дауыстары/ сахнада неге аз?! Ондай дауыстар бар ма қазір?! Жеңіс Ысқақова… тағы кім?! Шәмшінің әндеріне мелизматиканы тықпалауды тоқтататын сендер сіңдер ғой!? Бодрумда түріктің музыка маманы айтып еді.

Біз өзіміздің төл музыкамыздан айырылып қалдық. Арабесктің соңынан кет кеніміз – кеткен. Қаншама буынды араб ән дерінің ырғағымен сусындаттық. Ха лық тың көңілінен шығамыз деп, ха лыққа ұнайтын музыка жасадық. Не болды енді?! Арабеск түрікке тән стильге айналды. Музыка индустриясы тек соған жұмыс істейді. Нағыз түрік музыкасын классика деп, музейдің, архивтің сөрелеріне лақ тырдық.

Қасірет!

Біз де сол жолды таңдадық па?!

 

Бағлан Бабижан: Болат аға, айтқа ны ңызға толық қосыламын. Қазіргі қа зақ эстрадасы белгісіз бағытта «самотекпен» кетіп бара жатыр. Барлық ән дерге және әншілерге топырақ шашпаймын, бірақ басым көпшілігі біздің құлаққа жат әндерді орындайды. Ол туралы магистр лық диссертация жазу – оны оқымайтын адамдарға бір өзгеріс әкеледі деп ойламаймын. Бізде музыкалық сын бағыты дамымай қалған. Журналист және музыка зерттеушілердің ішінен батыл, қорықпай сын жазатын адамдар шығу керек және оны әлеуметтік желілерде жариялап отыру керек. Керемет дауысты Жамал Омарова, Рабиға Есімжанова сияқты апалары мыздың көзін көрген, сол бағытта айтатын Майра Ильясова, Бағ дат Самединова сияқты әншілер бар. Эстрадалық әндер айтып жүрген. Кейінгі әншілердің ішінен арнайы кон серваторияның xалық әні класын бітірген Айгүл Қосанова, Айгүл Мақа шева, Айгүл Елшібаева, Клара Төлен ба ева, Ардақ Балажанова, Айгерім Нартуеева, Перизат Тұрарова, Сая Есенгелдиева, Маржан Исаева, Дана Кентай, тағы басқалары бар диапазонын көрсететін xалық әндерін эстрадаға өңдеп жаздырса, шындап келгенде, қазіргі «жұлдыз» бо лып жүрген кейбір әншілерді екі орап алады.

Бірақ, біріншіден, оны трансляция жасайтын эфир – радио және теледидарда әнді олай қазақи және жалпақ дауыспен айтуды «старомодно» деп санағандықтап, эфирден көп бере бермейді. Екіншіден, дауысы қазақи xалық әншілері тойда онша «востребован» болмаған соң, олардың да xалық әндерін өңдеп жасауға көп қаражаттары жоқ, көбісі жәй ғана мұғалім, ал бiр әнді жасату ең кем дегенде 300–500$ ортасы. Ол мұғалімнің бір айлығы. Сон дықтан, менің ойымша, сын көбірек жазылу керек деп ойлаймын. Ал Л.Зыкина, Н.Бабкина сияқты әншілердің біздің саxнада да пайда болуларын мен де армандаймын. Және оның да ауылы алыс емес деп ойлаймын. Себебі xалық фонограммадан шаршады.

 

Болат Атабаев: Жылағанға – зарла ған болды. Сауалыма «отчет» жазады деп күтпеп едім… Майра, Бағдат? Қайдам? «Қоңыр дауыс» деп отырғаным – кеуде қуысындағы резонатордан шығатын вибрациясын айтып отырмын. Орысшала сақ: трахея-связки-ротоглотка жүйесінде орындалатын әндер жоқтың қасы. Қа зақшасы – қоңыр дауыс. Жеңіс Ысқақова ның даусы. Елена Әбдіхалықованың дауысы. Ондай дауыстар мелизмге бейім емес. Фариза апам айтпақшы, «домбыраны безілдетіп, жын қуғандай айқайға басып айтатын әншілерден шаршадық». Олар да болсын. Ол да өмірдің сәні! Бірақ қоңыр дауыстардан айырылдық қой! Әлде ондай әншілерді оқытатын адам жоқ па?!

Бағлан Бабижан: Керемет дауысты көп қыздар қазір академиялық вокалға кетіп, дауыс қою барысында қазақилықтан айырылып қалады.

Болат Атабаевтың

ФБ-парақшасынан алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн