Олар 28 емес, 130 БОЛҒАН

Жаңа дерек

 

  • Кеңестер Одағы құлағаннан кейін көп өтіріктердің беті ашыла бастады. Соның бірі –Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы «ертегілер». Мұндай «қиял-ғажайыптардың» Қазақстанға қатыстысы да аз емес. Олардың бәрін жинап-теріп жазатын болсақ, бірнеше томдарға жүк болары анық.

Біздің бұл сөзімізді өмірінің елеулі бөлігін Екінші жаһандық соғыс тақырыбын зерттеуге арнаған, 25 жыл бойы ұрыс оқиғалары өткен жерлерді шарлап, герман-кеңес мұрағаттарын ақтарған ардагер, бүгінде Л.Гумилев атнындағы ЕҰУ-дің профессоры, «Мемориалдық аймақ» іздеу отрядының командирі Майдан Құсайынов (суретте) та құптап отыр.

– Осы кезге дейін көзім жеткені – соғыс оқиғасына қатысты жарияланған материалдардың көпшілігі өтірік. Әйтпесе, құжат деректерін, әлдебір фактілерді үзіп-жұлып пайдаланып, шындықты бұрмалаушылық басым. Сондай-ақ мәліметі ешқандай жерде жарияланбаған, ешқандай мұрағаттарда тіркелмеген оқиғалар да аз емес. Мәселен, Кеңес мұрағаттарында Қазақстаннан жасақталған 106-кавалериялық полк туралы еш ақпар жоқ. Аталған әскери құрылым түгелдей жау қолына түсіп, ерлікпен қаза тапқан. Неміс құжаттарында осы соғыс жайында, ондағы қазақ жауынгерлерінің ерлікпен шайқасқаны жайында тәптіштеп жазылған. Ал Кеңес тарихында мұндай әскери құрылымның тіпті болғаны туралы да еш дерек жоқ…

Ғалымның айтуынша, сондай-ақ көп кездесетін өтіріктердің бірі – болған оқиғалардың бояуын баттастырып беруі. Мәселен, Кеңес оқулықтарында жазылған батырлардың, ерлік оқиғаларының 90 пайызы символикалық қана –«дзотты кеудесімен жапқан» матросовтар жауынгерлік рухты көтеру үшін қажет болды. Ал Волоколам тасжолында «тас бекініп, 23-і қазаға ұшырап, бірақ Мәскеуге жау танкілерін өткізбеген, кейін барлығына Кеңес Одағының Батыры атағы берілген 28 панфиловшылар» 28 емес –130 болған, олар 18 танкіні емес – 6 танкіні жарған, 4 танкі минаға өздері арандап қалған. «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілгендердің кейбіреулері жау қолына тұтқынға түсіп, кейін Кеңес лагерьлерінде жазасын өтеген. Енді біреулері неміске сатылып, полицай болған. Міне, «28 панфиловшыларға» қатысты шындықтың бір парасы осы.

Дәулетқали АСАУОВ,

Baq.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн