ОРАМАЛ ЖОЛ БОЛ…МАЙДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

Мектепте қыздарының орамал тағуын талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері мектепте қыздарының орамал тағуын талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады, деп хабарлайды Stan.kz порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

 

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай деп отырған көрінеді. Әйтсе де әлі күнге дейін сабаққа баласының бетін бүркемелеп жіберетіндер азаяр емес. Олар мектеп формасын талап еткен мұғалімдердің өздерін сотпен қорқытады. Ал билік өкілдері, керісінше, заңға мойынсұнбағандарды қатаң жазалауға негіз бар екенін айтады.

Жаңа оқу жылы басталғалы бері оқушы қыздардың мектепке орамал тағып келуіне қатысты дау бір басылар емес. Мұғалімдер Білім министрлігінің бұйрығын алға тартып, діндар ата-аналарға талап қойғанымен, көбі әлі күнге дейін қарсылық танытып келеді.

Бір Ақтөбенің өзінде үш жүзге жуық оқушы мектепте бетін бүркемелеп жүреді. Алғашқыда ата-аналар оны ұлттық киім – кимешекке теңеп, алдаусыратқан еді. Кейін тіпті кейбіреулері баламыздың құқығы бұзылды деп, мектеп басшыларын сотқа сүйреген. Бірақ бұйрықтың да заңдық күші барын білгенде ғана райларынан қайтыпты. «Ата-аналарды шақырып алып, қаншама рет ескерттік. Мектепте орамал тағуға болмайтынын айтып түсіндірдік. Бірақ қарсы болды. Ақыры мектеп басшылығы мен білім бөлімін сотқа берді. Сот отырысы болатын күні арыздарын қайтарып алды», – дейді №19 мектеп директорының орынбасары Эльмира Ниеталина.

Бір ай бұрын Жаңазендегі оқушылардың әкелері наразылыққа шыққан еді. Әйтсе де ондағы жағдай түзеліп, оқушылар жаппай орамалдарын тастапты. Ал Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Жезқазған қаласында тәртіпке бағынбайтын ата-аналар жеткілікті. Сондықтан заңға мойынсұнбағандарды жазалау артық етпейді дейді Дін істері министрлігіндегілер. Себебі ескертуді елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Бірінші ескертуден соң талапты орындамаған ата-анаға жиырма мың теңгеден астам айыппұл салынады. Бұған мойынсұнбаса, ол айыппұл екі есеге көбейеді. Яғни, 45 мың көлемінде. Бұдан кейін айтқанға көнбей, заңды елемей қойған ата-анадан баланы оқшаулап, арнайы мектепке жібереді. Ал баласына қатысты заңды орындаудан мүлдем бас тартып жатса, ата-аналық құқығынан айырылады.

«Неке және отбасы туралы кодексте қарастырылған. Ол жерде егер ата-ана төртінші мәрте мұны тағы да табандап тіреп, қолданыстағы заңдарды орындағысы келмеген жағдайда ата-ана құқығынан айыру қарастырылған. Сондықтан бүгін біз ата-анаға түсіндіріп жатырмыз», – дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басқарма басшысы Балғабек Мырзаев.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн