Жарнамадағы жәйт
- Өткен жылы өзгеше сұлулығымен, қазақ аруына тән айрықша сүйкімділігімен әлемге әлденеше рет таңдай қақтырған волейболшы Сабина Алтынбеков швейцариялық «Ernest Borel» сағатының жарнамасына түсті. Тіпті Қытайдың танымал on.cc cайты жарнама суреттерін жарыса жариялаған болатын.

Ал біздің білуімізше, Сабина бұл жарнаманың суретіне қаңтар айында түскенге ұқсайды. Өйткені спортшы «instagram» желісіндегі жеке парақшасына жарнамадағы суретінің бірін жүктеп, «ескі фото» деп жариялаған.
Тіптен сол ескі фотодағы қазақ қызының сұлулығына сұқтанбайтын ел болмаса керек: оның бірден-бір көрінісі де – жуырда ғана АҚШ зерттеушілері жариялаған мәлімет бойынша, қазақтар бразилиялықтарды артқа тастап, әлемдегі ең сұлу халық атанған. Бәлкім, байлықтан батып-шығып жатқан швейцариялық «Ernest Borel» біздің Сабинаға қолқа салуы да осы себептен болса керек.