САЙЛАУДЫҢ КҮНІ ТУҒАНДА, президенттік стипендиялар таратылды

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова 2014 жылғы президенттік және мемлекеттік стипендияларды тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

«Мәдениет – қоғам дамуының маңызды аспектісі. Оған жыл сайын мемлекет 7,5 млрд теңге бөледі, ұлы ақындар шығармаларының көптомдық жинақтары басылуда, жаңа театр қойылымдары шығарылуда және тағысын тағы. Стипендияларды табыстау отандық мәдениет дамуындағы лауреаттардың құнды үлесін мойындау болып табылады», – деді Г. Әбдіқалықова.

Сөйтіп, 2014 жылдың қорытындысы бойынша отандық мәдениетті дамытуға қосқан маңызды үлесі үшін әдебиет пен өнер саласының 100 қайраткеріне стипендия тағайындалды. Президенттік стипендияға ие болғандар қатарында Олжас Сүлейменов, Мырзатай Жолдасбеков, Бибігүл Төлегенова, Ескендір Хасанғалиев, Владимир Толоконников, Герольд Бельгер, Асанәлі Әшімов, Юрий Померанцев, Шерхан Мұртаза, Әкім Тарази, Анатолий Молодов және басқалар бар.

Сондай-ақ Алан Бөрібаев, Еркебұлан Дайыров, Әйгерім Бекетаева, Жанель Төкеева, Әлия Телебарысова, Қасымхан Бұғыбай және басқа да бірқатар жас дарындар мемлекеттік стипендияға ие болды.

Киноактер Асанәлі Әшімов атап өткендей, өнер қайраткерлері Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы секілді биылдың атаулы оқиғаларын өткізуге белсенді қатысады.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн