СЕЙТҚАЗЫНЫ ҚОЛДАУ қоғамдық комитеті құрылды

Қазақстанда ҚР Журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаевты қолдау комитеті құрылды, деп хабарлады жаңадан құрылған комитеттен.

Хабарда айтылғандай, Алматыда жиналыс болды, жиналыс барысында С.Матаевты қолдау комитетін құру туралы шешім қабылданды. Комитет мақсаты – Қазақстан Журналистер одағы төрағасының ісін әділ әрі ашық тергеуге ықпал ету үшін қоғамды кеңінен ақпараттандыру.
Комитетке Тамара Калеева, Маржан Елшібаева, Александр Краснер, Ермұрат Бапи, Юрий Мизинов, Жұмаділ Әділбаев секілді белгілі қазақстандық журналистер, сондайақ Қазақстан өңірлерінің, таяу шетел және алыс шетелдегі журналистер мен медиаменеджерлер кірді. Атап айтсақ, С.Матаевты қолдауға «Ақ Жайық» атыраулық медиахолдингтің бас директоры Әбділда Мұқашев пен «Ақ жайық» газетінің бас редакторы Сабыр Қайырханов, «Уральская неделя» газетінің редакциясы, Орталық Азия елдеріндегі әріптестер, батыс және ресейлік журналистер де ниет білдірді.
Комитеттің қосалқы төрағалары ретінде Маржан Елшібаева мен Тамара Калеева тағайындалды.
Алдағы уақытта комитет Алматыда, Астана мен ел өңірлерінде бірқатар журналистік ынтымақтастық акцияларын өткізуге ниетті.
Комитеттің әрекетін қолдағылары келетіндердің барлығы Қазақстанның ғаламторқауымдастығындағы www.mataev.iak.kz. сайтында хабар қалдыра алады.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн