Үш ағайындыны өлтіргендерге БЕРІЛГЕН ЖАЗА жасаған қылмыстарына сай ма?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №44 (361) от 01 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 

 


 

 

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот Алматы облысының ағайынды малшыларын өлтірген деп айыпталғандарға үкім шығарды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

 

Мысалы, Талғат Сүлейманов өмір бойына түрмеге қамалатын болса, Мұрат Оңалбаев – жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 25 жылға бас бостандығынан айрылды. Олар ҚР ҚК «адам өлтірген», «қарақшылық», «басқаның мүлкін қасақана құрту» баптарымен айыпталды.

Одан басқа, Бақыт Байқасымов осы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға сотталды.

Бұрын хабарланғандай, қыркүйек айында үш ағайынды Ұзынағаштағы мал базарға мал сатуға кетіп, үйлеріне қайтып оралмайды. Бірер уақыттан соң Алматы–Астана трассасының бойынан ағайындылар базарға мал әкеткен жүк көліктерінің бірі табылады. Өртенген көліктен полицейлер түк таппайды. Соның алдында басқа ауылдан екінші машина сап-сау табылады. Бірақ оның иелері жақын маңда көрінбейді. Жоғалып кеткен ағайындылар соңғы рет әкесімен 18 қыркүйекте телефон арқылы байланысып, малдарының сатылғанын, бірақ әзірге ақшаларын алмағанын айтады.

Кейін анықталғандай, Т.Сүлейманов пен М.Оңалбаев ол ағайындыларды өлтіріп, малдарын алып қояды. Қойшы Б. Байқасымов ол оқиға туралы білгенімен, оны тиісті органдарға хабарламайды. Кейін зорлықпен өлтірілген үш адамның денелері табылады.

ҚазТАГ

 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн