ШҚО МЕКТЕПТЕРІНДЕ смартфонға тыйым салды

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №40 (404) от 02 ноября 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Шығыс Қазақстан облысында прокуратура мен білім басқармасы мектептерде смартфондар қолдануға тыйым салды, деп хабарлады «Устинка LIVE» порталы.

 

«ШҚО-да мектептерде смартфондар қолдануға тыйым салынды. Шенеуніктердің айтуынша, жаңалық педагогтармен және мұғалімдермен келісілген және жалпы білім беру мекемелеріндегі қылмысты азайтуға бағытталған», – делінген сәрсенбіде жарияланған материалда.

Хабарда атап өтілгендей, өңір прокуратурасы мен білім басқармасы өз ұсыныстарын оқушыларды электронды тәуелділіктен айыру үшін жүзеге асыруда. Қадағалаушы орган түсіндіргендей, телефондар ұрлығы басқа қылмыстар арасында бұрынғыша көш бастап тұр. Прокуратура аталмыш тыйым салу қылмыс санын азайтады деп үміттенуде, себебі көбіне телефондарын ұрлатып алатындар – жасөспірімдер.

Еске салсақ, мұндай шара Қызылорда облысында бір жылдан астам уақыт бұрын қолға алынған еді. Ол жерде 2016 жылдың 1 қыркүйегінде күшіне енген мұндай тыйым салуды балалардың назарын оқуға аударумен қатар, әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын топтардың ықпалынан қорғау керектігімен де түсіндірілген болатын.

 

Динара РАХИМОВА,

тәлімгер-студент

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн