ТҮБЕРКҮЛЕЗ түптеп барады…

Дабыл?

 

Дәрігерлер Қазақстанда туберкулезбен ауыратындарды тіркеуде проблемалар барын айтып отыр.

Алматының Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бағдагүл Әбдірәсілова Қазақстанда туберкулезбен ауыратындарды тіркеуде проблемалар барын атап өтті. Оның ақпарынша, қазіргі таңда қаланың туберкулезге қарсы қызметін қаржыландыру 2,3 млрд теңге болып отыр.

«Дегенмен, қалада проблемалар да жоқ емес. Атап айтсақ, Алматыдағы тубдиспансердің және «Каменское плато» туберкулезге қарсы шипажайдың жабдықталуын жақсарту керек… Алғашқы медико-санитарлық көмек жүйесінде ауруларды тіркеуде де проблемалар кездесіп отыр, сондықтан облыстағы туберкулезбен ауыратындарды тіркеу емханасының бірінші басшыларының жауапкершілігін арттырған жөн», – деді Б.Әбдірәсілова өткен бейсенбіде Бүкіләлемдік туберкулезбен күрес күніне арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1993 жылы туберкулезді адамзаттың жаһандық проблемасы деп жариялады. Оған қарсы күрес күні 24 наурызда аталып өтеді. ДДҰ соңғы бағаларына сәйкес, жыл сайын әлемде шамамен 8,6 млн адам осы дертке шалдықса, 1,3 млн адам осы аурудан көз жұмады.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн