Тәжікенов ТАНЫЛА бастады

Жөн екен!

 

Жақында «Turkvizyon – 2014» ән байқауында Жанар Дұғаловамен өнер көрсетіп, жеңіс туын желбіретіп қайтқан күйші Нұржан Тәжікенов айтулы шарадан соң өмірінде оң өзгерістер орын ала бастағанын айтты.

Ел аузында «Күй қаршығасы» атанған белгілі музыкант Қаршыға Ахмедьяровтың соңғы шәкірті – Нұржанның өнері қашан да тыңдарман қауымды бейжай қалдырған емес. «Сағыныш», «Күткенде» атты бейнебаянын көпшілікке тарту еткен жас домбырашының жұлдызы осы жеңістен соң жарқырай түскен көрінеді.

Бақсақ, интернет бетінде жарияланған сұхбатында Нұржан: «…Өмірімде өзгерістер орын ала бастады. Қазіргі таңда бос уақыт деген мүлдем жоқ. Күнде түрлі түсірілімдер. Бір шетінен өзімді көрсете білуім керек шығар…» – дейді.

Осындайда қара домбыраның құдіретін паш етіп жүрген бауырымызға: өнерде қаққан қанатың талмасын дей келіп, кәкір-шүкір дүниесін қаңғыр-күңгір әуенге салған кейбір музыкантсымақтарға «Болсаң, Нұржандай-ақ бол!» дегің келеді…

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн