Тағы да қарызға БАТАМЫЗ БА?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №33 (397) от 14 сентября 2017 г.

 

Апта аптығы


 

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) энергетика нысандарының құрылысы үшін ұлттық валютада Қазақстанға арзан қаржы ұсынуға дайын, деп хабарлады ҚазТАГ ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің сөзіне сілтеме жасап.

 

«АИИБ біз үшін тағы бір арзан ақша көзін ұсынып отыр. Басқа қаржылық институттарға қарағанда, бұл банк энергетика саласына қарыздар ұсынады. Қалғандары негізінен жаңартылатын энергетикаға, ауыл шаруашылығына береді, ал энергетикалық жобаларға оларда мандат жоқ. Сондықтан егер біз электрстанциясын салғымыз келсе, ЕҚДБ-нен қаржы тарту қиынға соғады, мысалы», – деді Т.Сүлейменов кеше АИИБ-дегі Қазақстан мүшелігін заңды тұрғыда реттеуге бағытталған заң жобасын талқылау барысында.

«Азия банкі мұндай жобаларға ақша береді. Құрылтайшы құжаттарының өзінде ұлттық валютада қаржы ұсыну мүмкіндігі жазылған, ал біздің жағдайымызда теңгемен. Бұл валюталық қауіп-қатерді барынша төмендетеді», – деп түсіндірді ол. Министр еске салғандай, АИИБ жарғылық капиталы $100 млрд құрайтын жаңа қаржылық институт болып табылады.

Қазақстан билігі осылайша жер-дүниеден қарыз іздеп жүрген кезде ел ішінде азық-түліктің бағасы өсіп барады. «Бұған негіз жоқ», деп мәлімдейді ҚР ҰЭМ министрі «Экспо-2017» көрмесінің аяқталуына байланысты азық-түлік бағасының күрт көтерілуіне қатысты сыбысқа өзінше түсініктеме жасап.

Тимур Сүлейменов журналистерге мұндай ақпаратқа назар аудармауға кеңес берді. Оның айтуынша, азық-түлік себетіне кіретін азық-түлік бағалары төмендетілді.

«D»

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн