ӨТІНІШТІҢ түпнұсқасы ҚАЙДА КЕТТІ?..

Апта басында Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бұрынғы сенатор әрі заңгер Уәлихан Қайсар қазақ тілін жетік білмейді деген желеумен, оны емтиханнан өткізбей тастаған болатын. ОСК жанындағы лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбековтің БАҚ өкілдеріне берген түсініктемесінде: «ҚР аумағында тұрамын дегенге жауап бересіз, туғаннан тұрамын деп, туғаннан демейді. «Тұғаннан» тұрамын деп «ұ» жазасыз. Наурызды «Науырыз» деп, қате жазасыз. Бұл енді біздің ұлы күніміз ғой, сондықтан мен оны өте дөрекі қате деп есептеймін. Ал үшінші қатесі өтінішінде басқа мемлекеттің азаматымын деп көрсеткен», – деген еді.

Орталық сайлау комиссиясының баспасөзге ұсынған өтініштің нұсқасын қарасақ, «науырыз», «тұған» деген сөздер көзге түспейді (фотокөшірмені қараңыз). Сонымен бірге өтініштің қай күні берілгені де белгісіз, сонда комиссия мүшелері толық толтырылмаған арызды қабылдаған ба? Ал Орталық сайлау комиссиясы Қайсаровтың өзі қолымен жазған өтінішті көрсетуден бас тартып отыр.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн