Әйгілі қалалар көшін бастаған АСТАНА ШАМСЫЗ ҚАЛДЫ…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

Бұдан бұрын елорданың ресми сайты «Астана туристік тұрғыдан алғанда 2017 жылы ТМД-дағы әйгілі қалалардың көшбасына шықты» деп хабарлаған еді. Сол хабарда айтылғандай, мұндай мәліметті туристік ұйымдар жариялаған екен.

 

Бірақ сайтта ол қандай «ұйымдар» екені нақты аталмаған болатын. Сайтта келтірілген деректерге сенсек, саяхатшылар Астанаға орта есеппен 3–5 күнге келіп, күніне 80 АҚШ долларын жұмсайды екен. «Алғашқы ондыққа ілінген қалалар ішінде бұл ең қымбат баға», – дейді жарияланған хабарда.

Сонымен, сайтта жарияланған қалалар рейтингі төмендегідей болған екен: 1. Астана (Қазақстан), 2. Баку (Әзірбайжан), 3. Минск (Беларусь), 4. Ереван (Армения), 5. Ташкент (Өзбекстан), 6. Алматы (Қазақстан), 7. Кишинев (Молдова), 8. Бішкек (Қырғызстан), 9. Киев (Украина), 10. Ашқабат (Түркменстан).

Бірақ бұл рейтингте ТМД елдеріне кіретін және туристер көптеп баратын Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан, Одесса, Бұхара, Хиуа, Тбилиси және басқа да айтулы туристік қалалар көрсетілмеген.

Солай бола тұрса да, ТМД елдері қалаларының «көшін бастады» деген Астанада кешелі бері қала шамдары сөніп жатыр. Бұл орайда қала әкімшілігі таратқан пресс-парақшада былай деп жазылған (қаз-қалпында): «В некоторых районах Астаны ожидается плановое отключение электричества, следует из сообщения пресс-службы столичного акимата. 28 июня с 09.00 до 13.00 электроэнергии не будет по ул. Лермонтова, ул. Павлова, пер. Сенной, пер. Култеген, ул. Сырдарья, ул. Алимжанова, ул. Панфилова, ул. Джангильдина, ул. Сейфуллина, ул. Новостроительная, ул. Княгинина, ул. Космонавтов, ул. Тайбекова, ул. Мендешева. Также ожидается отключение электричества по ул. Досмухамедулы, ул. Алпамыс батыра, с 09.00 до 18.00 – по ул. Жансугурова, 4, 4/3, 6/2, ул. Толстого, пер. Култобе, ул. Вишневское шоссе-3, пр. Абылай хана, 19, 19/2; с 09.00 до 11.30 – в п. Пригородный, ул. Акселеу; с 15.00 до 17.00 – по ул. Жубанова, 10; с 09.30 до 17.30 – по ул. Окжетпес, ул. Атакент, ул. Шубина, пер. Байсеитовой, ул. Джалиля, ул. Тамшалы, ул. Жарокова, ул. Маралсай, ул. Когам, ул. Желдырме, ул. Чехова, ул. Кутузова, ул. Атбасарская, ул. Карталинская, ул. Рауан, пер. Сумбе, ул. Талапкерская…».

Сырым ДАТОВ

 

 

 

Дабыл!

 

КЕРЕКУДЕ РЕСЕЙДІҢ

БАСҚЫНШЫЛЫҒЫ

НАСИХАТТАЛЫП ЖАТЫР

 

XVIII ғасырда Ресейдің Омбы қаласында жасақталған патша әскерлері Ертіс өзенімен қазақ жеріне еніп, бекіністер салған. Солардың бірі – подполковник Бухгольц бастаған экспедиция Кереку өңірін жаулап, Ресей империясының отарлау саясатын жүргізуге кіріскен.

 

Біздің жергілікті билік өткен 2016 жылы «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Александр Вервекин дегеннің ықпалынан шыға алмай, Керекуде солар ұйымдастырған «Ертіс күні» мерекесінде Омбыда құралған «Бухгольц жолдарымен» экспедициясының біздің облысқа келуіне жол берді! Сөйтіп, патша әскерлерінің қазақ жеріне жасаған басқыншылық жорықтарын ықтиярлы я ықтиярсыз жария насихатталуына қолдау көрсетті! Соның нәтижесінде әлгі экспедицияның 5 яхтасы мен жергілікті «Ермак» теплоходы өзендегі кемелер шеруіне қатысты! Бұл көріністі облыс әкімінің екі бірдей орынбасары: Н. Дычко мен М. Бегентаев және А. Вервекин, т.б. жұртшылықтан оқшауланған жайлы орынға жайғасып отырып тамашалады! Шарадан соң экспедиция мүшелері үшін аста-төк дастархан жайылды!

Мұның алдында А.Вервекин 1715 жылы Бухгольц әскерлері тұрғызған Ямышев бекінісінің орнындағы Ескі Ямышев ауылына «Бухгольц жолдарымен» экспедициясын апарып тұрғындармен кездесу өткізген еді! Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Наталья Нефедова солармен бірге барып, кездесуде сөз сөйледі. Экспедиция жетекшісі Игорь Вяткин де сөз алып, алдағы уақытта осы өңірге қайта оралатынын жария етті!..

Ертеңінде Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ғимаратында «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің және «Бухгольц жолдарымен» экспедициясы мүшелері Павлодарда дайындалған «Ертіс және оның бекіністері» атты деректі фильмнің тұсаукесер шарасын өткізді! Соңында А. Вервекин кинотуындыны қонақтарға сыйға тартты…

Жуырда облыстың бас идеологы Мейрам Бегентаевпен телефон арқылы сөйлескенімде, «Ертіс күні» мерекесіне биыл тағы да омбылық қонақтардың келетінін айтты. Әлгі Игорь Вяткиндер ме, әлде басқалар ма?.. Оны нақтылаған жоқ.

Сонымен, алдағы уақытта «Павлодар география үйі» қоғамдық бірлестігінің басшысы Александр Вервекиннің ұйымдастыруымен тағы да «Ертіс күні» мерекесі өткізілмек!.. Бас идеолог былтырғыдай соның ықпалында кете ме, жоқ па?.. Уақыт көрсетеді!

P.S.: Егер Ресей Федерациясында губернатордың идеология бойынша орынбасарына қандай да бір қоғамдық ұйым басшысының ықпал етуі нәтижесінде «Тоқтамыс хан жолдарымен» немесе «Наполеон жолдарымен» экспедициясының Мәскеуге бару оқиғасы орын алса, өз басым облыстық әкімдіктегі шенеуніктердің іс-әрекетіне түсіністікпен қарар едім…

Арман ҚАНИ,

Кереку қаласы

Abai.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн