Қырымбектің уақыты жоқ – ҚЫРЫП САЛАДЫ

Бұл екі арада

 

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен ақпанның 9-да дағдарысқа қарсы штаб отырысы өтті. Мәжілісте еңбекақы берешегін өтеу мәселесі қаралды, деп хабарлады әкімшілік баспасөз қызметінен.

Хабарда айтылғандай, бүгінгі таңда елімізде әрбір адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, оған уақытында еңбекақы төлеу басты назарда тұр. Облыстағы жеті кәсіпорын жұмыскерлердің жалақыларын төлемеген. Бүгіндері бұл кәсіпорындардың еңбекақы берешегі 1327 жұмысшыға 162 млн теңгеден асып жығылады. Облыс әкімі жұмысшылардың маңдай терімен тапқан жалақыларын төлемеу кикілжіңге алып баратын жағдай екенін қатаң ескертті.

«Мекеме басшыларына сөгіс жариялап, ескерту жасап отыратын уақыт жоқ, еңбек заңнамасына сай құқық бұзылса, тиісті жауапқа алу керек», – деді аймақ басшысы.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн