Заңғар тауы ЖОҚТАЙДЫ Заманбегін…

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №02 (273) от 15 января 2015 г.

 

Оқырман ойы

 

  • Әділет жолында шейіт болған қазақтың біртуар азаматы Заманбек Нұрқаділов тірі болғанда, 15 қаңтар күні 71 жасқа толар еді.

 

Шырқап жүргем шалқытып дала әндерін,

Бір дауыстан селк етті санам менің:

Алатаудың өр шыңын құлатыпты…

Қызыл жасқа толтырдым жанар көлін.

 

Жас парлады үдетіп көз ағысын,

Оңай ма еді жоғалту өз арысын?!

Алты алаштың ардағы абат күнде,

Жасағаны жетеді қазақ үшін.

 

Тағдыр бір сәт айналып қырсығымен,

Жүрегінің айырды дүрсілінен.

Өнер үшін ақ бауыр қарлығаштай,

Талайына ұя сап тұмсығымен…

 

Жұлдыздар да қалқиды шаршаған боп,

Қасырет жыр тарайды аршадан көп.

Алматыңның ажары айдан асып,

Шаңырағыңнан думаның тарқаған жоқ.

 

Қайратыңды жыға алмас беделіңді,

Өлтіре алмас өлең мен өнеріңді.

Мерген атқан құралай мертіккенмен –

Қалың елің өсірер Мерейіңді.

 

Заңғар тауы зарлатып зар әндерін,

Хан Тәңірі жоқтайды Заманбегін…

Алтын күннің сәулесін тіліп ұшар,

Қыран болып шарлайсың заман көгін!

 

Мөлдір Әбдуманапқызы

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн