Заринаның табысы – РАКЕТКАСЫНДА

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №05 (276) от 05 февраля 2015 г.

 

Ойдан-қырдан

 

Теннистен Аустралия ашық біріншілігі өтті. «Үлкен дулыға» санатына жататын төрт турнирдің бірі «Аустралия опенде» жерлесіміз Зарина Диас 1/8 финалға шыға алмай қалса да, оның табысы қомақты болды.

Жайшылықта теннисшілер үшін «Australian Open» турнирінің орны бөлек: ұймдастырушылардың турнирді жоғары деңгейде өткізуімен қатар жанкүйерлер құрметі мен тігілетін жүлде қорының молдығы да бұл бәсекенің бәсін қыздырады. Оның үстіне биылғы жылы жалпы ұтыс қоры 20 пайызға өскен. Сөйтіп, қыздар арасындағы сайысқа 12 миллион 122 мың доллар бөлінген.

Енді жерлесіміздің табысына үңілсек, Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас жекелей сында үшінші раундқа дейін жеткені үшін 97 500 доллар ақшалай ұтыс алды. Сондай-ақ жұптық бәсекеде Шанель Схепер екеуіне 23 000 доллар бұйырды. Бұл соманы Шанель екеуі қақ бөліп алды десек, Зарина Аустралиядан 109 мың доллар табыс тауып қайтқанға ұқсайды.

Әрине, байрақты бәсекеде қазақтың намысын қорғап жүрген Зарина қыздың тапқан табысы бір ғана мұнымен шектелмесе керек: тіпті әлгі 109 мың доллар өз халқы ыстық ықыласының жұқанасына да татымас, сірә?!

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн