ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕНӘЙЕЛ ҚАЗА БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №46 (363) от 15 декабря 2016 г.

 

Апта аптығы

 


 

 

ҚР Бас прокуратурасының тексеріп-өткізу пунктінде өзін-өзі өртеп жіберген әйелдің қаза болғаны жайлы ақпаратты денсаулық сақтау басқармасы растады.

Еске салсақ, 6 желтоқсанда ұлына шығарылған үкіммен келіспеген әйел ҚР Бас прокуратурасының тексеріп өткізу бөлмесінде (ТӨБ) өзін-өзі жағып жіберді. Дәрігерлердің ақпарынша, оның денесінің 60% күйген. Алдын ала мәліметтер бойынша анықталғандай, Майра Рысманова осылайша ұлы – 1988 жылы туылған Е. Ахметовтың сотталғанымен келіспейтінін білдірген.

«Аталған мәселе бойынша М.Е. Рысманованың шағымы Бас прокуратураға 2016 жылы 28 қарашада келіп түскен. Оның келтірген уәждерін тексеру үшін Бас прокуратура соттан оның ұлына қатысты қылмыстық іс құжаттарын сұрастырды», – делінген ақпараттық баянда.

ҚР Бас прокуратурасының мәліметтерінше, Шу аудандық сотының үкімімен 2015 жылы 15 маусымда Е. Ахметов ҚР ҚК 296-б. (3,5 гр героин мен 285 гр гашишты заңсыз сақтағаны үшін) 4,5 жылға қатаң тәртіптегі түзету колониясына сотталды. Ол үкімге қарсы шағым берген, бірақ Жамбыл облыстық сотының апелляциялық сатысы 2015 жылы 20 тамызда ол шағымды қанағаттандырмай тастады.

ҚР бас прокуроры Жақып Асанов кеше Астанада Майра Рысманованың сіңлісі Дания Рысманованы қабылдады деп хабарлайды «Азаттық» тілшісі. Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрділдә Ораздың айтуынша, өзін-өзі өртеуге себеп болған Рысманованың ұлы Ербол Ахметовтың ісін қайта қарамас бұрын Шу қаласы полициясының жедел уәкілі Ерлан Жидешевке байланысты апелляциялық сот шешімін күту керек.

Біраздан соң сыртта күтіп тұрған журналистерге Бас прокуратура өкілдері шықты. Прокуратураның 10-департаментінің прокуроры Ержан Ералиевтің айтуынша, Майра Рысманованың талабы – ұлы Ербол Ахметовтың ісін қайта қарау туралы ғана емес, ұлын ұстаған полиция қызметкері Ерлан Жидешевке «күш қолдану» айыбы бойынша шара қолдану туралы да болған.

Ержан Ералиев прокурорлар Ахметовтің ісін қарап бітіп, сот үкімін қайта қарау туралы қарсылық жобасын дайындағанын, енді оған басшылықтың келісімін күтіп отырғанын айтты.

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн