ӘЗІРБАЙЖАН ресейлік журналистерді ЕЛДЕН ҚУДЫ

Жарайсың, туысқан!

 

Әзірбайжандық «Oxu.Az» порталының мәліметтеріне сүйенсек, Таулы Қарабақтағы жанжалдар туралы біржақты және шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқан «LifeNews арнасының тілшілерін үкімет елден қуып шыққан. Бұл туралы Әзірбайжан Республикасының сыртқы істер министрі Хикмет Гаджиев мәлімдеген.

 

Гаджиевтің айтуынша, ресейлік арналар қарулы қақтығыстар жүріп жатқан Әзірбайжан территориясында аккредитациясыз ақпарат таратумен, мәліметтерді бұрмалаумен және провокациялық материалдар жасаумен айналысқан.

Біз осының алдында Қарабақтағы жанжалдарға қатысты мақала жариялаған болатынбыз (7-бетті қараңыз). Онда Таулы Қарабақтағы Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалдың ушығуына Ресей мүдделі екендігі айтылған. Әсіресе ресейлік БАҚ-тың дезинформациялық саясаты һәм ресейлік пропаганда дәп-дәл Украина жанжалдарын еске түсіруі мүмкін екендігі сөз болады.

Ал кеше РФ Думасының дүмше депутаты Жириновский Армения мен Әзірбайжан арасындағы жанжалдарды реттеу үшін Ресей қарулы күштерінің көмегі керек екендігін айтып, Дума мінберінде сөйледі.

Abai.kz

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн