Воскресенье , 11 мая 2025

Ауторы ақын емес, ЖАЗУШЫ ЕКЕН

Газеті­міздің 27 мау­сым күн­гі (№25) санын­да «Желе­де­гі жаз­ба­лар» айда­ры­мен «Кеңес­ке кім­дер және неге бара­ды?» деген тақы­рып бой­ын­ша, Фейс­бук­тен ірік­теліп алы­нған топ­та­ма жари­я­ланған еді. Осы топ­та­ма­да  «Арам­та­мақ пар­ла­мент­ті қуы­ң­дар!» деген тақы­рып­пен беріл­ген жари­я­ла­ным Тыны­шты­қ­бек Әбдіәкі­мұлы­ның жеке парақ­ша­сы­нан алы­нға­ны­мен, ол басқа желі қол­да­ну­шы­ның жаз­ба­сы болған­ды­қтан (репост жасалған), оны ақын­ның аутор­лы­ғы­на телі­ме­уді сұраймыз. 

Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың иегері, бел­гілі ақын Тыны­шты­қ­бек Әбдіәкі­мұ­лы жаңа­дан құры­лға­лы жатқан «Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесіне» қаты­сты қаза­ққа қарай­лас пікір­ді дөп басып айтып­ты деген оймен, жеке парақ­ша­сын­дағы сөз иесі ақын­ның өзі екен деп, рия­сыз сенім­мен жари­я­ла­ным иесінің аты-жөніне мән бер­ме­ген газет қыз­мет­керіне ескер­ту жасалды. 

Тыны­шты­қ­бек ақын­ның «бұл менің жаз­бам емес» деп, редак­ци­яға әлде­не­ше рет теле­фон соғуы­нан кей­ін, жари­я­ла­ным­ның аутор­лы­ғын аны­қтаған кез­де, бұл жаз­ба­ның иесі – қарым­ды жас қалам­гер, елдің бола­шағы­на бей-жай қара­май­тын талант­ты жазу­шы қызы­мыз Аягүл Ман­тай болып шықты. Осы тех­ни­ка­лық жаң­сақтық үшін, Тыны­шты­қ­бек Әбдікәкі­мұлы­нан кешірім сұрай оты­рып, аға­сы айны­ған жаз­ба­ны Аягүл ару­дың аты­мен қаз-қал­пын­да қай­та­дан жари­я­лап отырмыз.

Редак­ция алқасы 

Ұлт­тық кеңес құр­ды­ң­дар дей­ік, демек, оның құра­мы­на кіретін адам­дар­дың қонақүй­ін, жол қара­жа­тын мем­ле­кет есебі­нен төлеп бересің­дер ғой. Ұлт­тық кеңес құра­тын бол­саң­дар, пар­ла­мент­ті тара­ты­ң­дар! Аузын буған өгіз­дей, ағы­л­шын­ның пат­шай­ы­мы секіл­ді сал­та­нат құрып оты­рған арам­та­мақтар­ды (көп­шілі­гі арам­та­мақ екені рас) қашанға дей­ін асы­рай­мыз? Енді жет­пе­гені ұлт­тық кеңес еді! Айты­ң­дар­шы, осын­дай бюд­жет­тен ақша шаша­тын “иде­я­ны” қан­дай “даны­шпан” ойлап таба­ды? Пар­ла­мент­тің дəр­мен­сізді­гін, билік­тің іші пысқан­да ойнай­тын ойын­шы­ғы екенін ашық мой­ын­дап, тара­тып, орны­на ұлт­тық кеңе­сті құр­саң­дар басқа əңгіме! 

Билік­тің пиар-мене­джер­лері, Ұлт­тық кеңе­сті тіп­ті құр­мауға бол­ма­са, фейс­бук­та жұл­дыз боп, лайк санап оты­ра­тын­дар­ды емес, “ертең маған мынау пиар жасап береді” деп емес, əле­умет­тік желі­де оты­руға уақы­ты жоқ мықты ғалым­дар­ды, меди­ци­на, білім, эко­но­ми­ка сала­сын­да жүр­ген мықты қай­рат­кер­лер­ді шақы­ры­ң­дар. Əйт­пе­се Ұлт­тық кеңе­сті де отан­дық арна­лар секіл­ді шоуға айнал­ды­рып жібе­ресің­дер. Өздеріңе əле­умет­тік желі­де пиар жасап беретін серік­те­стер­ді жинап, мем­ле­кет мүд­десі кей­ін­ге ысы­ры­лып қалады.

  • Аягүл Ман­тай­дың ФБ-парақ­ша­сы­нан алынды
Республиканский еженедельник онлайн