Четверг , 3 сентября 2026

Ермұрат Бапи: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ бәрінен басым болатын КЕЗГЕ КЕЛДІК

«Менің есі­мім Бабы­р­жан, қазір­гі Қаза­қстан пар­ти­я­ла­ры­ның элек­то­рал­ды бел­сен­ділі­гі тақы­ры­бын­да зерт­теу жасап жүр­мін. Осы­ған орай сіздің экс­перт­тік пікіріңіз қажет еді, бір­не­ше сұраққа жау­ап бер­сеңіз?» деген жас сая­сат­та­ну­шы­ның өтіні­шіне бай­ла­ны­сты пікір­лерім­ді жол­даған едім.

Бәл­кім, сұрақ-жау­ап­тың тақы­ры­бы қоғам­дық қызы­ғу­шы­лық туды­руы мүм­кін деген оймен, бұл пікір­лер­ді «DAT» газетінің оқыр­ман­да­ры­на да ұсы­нып отырмын.

– «Азатты­ққа» бер­ген сұх­ба­ты­ңы­зда қазір­гі және бұры­нғы шақы­ры­лым ара­сын­да айтар­лы­қтай айыр­ма­шы­лық жоқ, авто­ри­тар­лық жүйе сақта­лып отыр деген пікір біл­дір­діңіз. Осы пікіріңізді пар­ла­мент­тік плю­ра­лиз­мнің әлсізді­гі­мен бай­ла­ны­сты­руға бола ма?

– Біздің Қаза­қстан – Ази­ядағы авто­ри­тар­лы билік режи­мін­де­гі мем­ле­кет­тер­дің қор­ша­уын­да оты­рған ел. Аме­ри­ка мен Кана­да мұхит­тың арғы жағын­да, Еуро­па елдері біз­ден мың­даған шақы­рым алы­ста. Тіп­ті Ази­ядағы мем­ле­кет­тер ара­сын­да Оңтүстік Коре­я­дан басқа демо­кра­ти­я­лық даму жолын­дағы ел жоқ. Осын­дай «авто­кра­ти­я­лық бло­ка­да» жағ­дай­ын­да біз қар асты­нан бүр­шік жарған бәй­ше­шек сияқты өзге­лер­ге «оғаш» ел болып, еуро­па­лық даму жолы­на көшіп кетуі­міз оңай таң­дау бол­май­ды. Сон­ды­қтан біздің бір дем­де авто­ри­та­риз­мнен алы­стап кетуі­міз оңай болмауда.

Иә, бұл орай­да бір­те-бір­те сая­си және әле­умет­тік өзгерістер жаса­лып жатыр. Бірақ ұзақ жыл­дар бойы жеке дара авто­кра­ти­я­лық билік­тің құр­са­уын­да болған қоғам­ды бұл өзгерістер­дің баяу дина­ми­ка­сы қанағат­тан­дыр­май­ды. Сон­ды­қтан қоғам тара­пы­нан айты­лып жатқан нара­зы­лық аз емес.

Бірақ бұл орай­дағы кен­делік­ті «пар­ла­мент­тік плю­ра­лиз­мнің әлсізді­гі­мен» түсін­діру­ге бол­май­ды. Плю­ра­лизм – бұл қоғам­дағы пікір­лер­дің әртүр­лілі­гі, сая­си ұста­ным­ның алу­ан­ды­ғы. Бірақ дәл Қаза­қстан­ның жағ­дай­ын­да бір ғана пар­ла­мент­те­гі пікір­лер плю­ра­лиз­мі арқы­лы мем­ле­кет­тің сая­си жүй­есін өзгер­тіп жібе­ру мүм­кін емес. Біздің прак­ти­ка­мы­зда бұл уто­пия болады.

Біз пар­ла­мент­тік басқа­ру жүй­есін­де­гі ел емес­піз, сон­ды­қтан өзгерістер дина­ми­ка­сы­на пар­ла­мент­тің ғана пәр­мен беруі аздық ете­ді. Бұл сая­сат­ты Кон­сти­ту­ция бой­ын­ша мем­ле­кет бас­шы­сы болып табы­ла­тын пре­зи­дент­тік билік аны­қтай­ды. Сол себеп­ті «пар­ла­мент­тік плю­ра­лизмді» пре­зи­дент­тік сая­сатқа қар­сы қоюға бол­май­ды. Соны­мен бір­ге пре­зи­дент­тік билік жағ­дай­ын­да жалғыз ғана пар­ла­мент­тік рито­ри­ка­мен мем­ле­кет­тік сая­сат жаса­удың мүм­кін­ді­гі кем­шін бола­ды. Керісін­ше, егер бұл плю­ра­лизм шек­тен тыс күшті бол­са, мем­лект­тік билік пен пар­ла­мент­тің ара­сын­да сая­си дағ­да­рыс тууы әбден мүм­кін. Қазір­гі тран­зит­тік кезең­де қоғам­да сая­си толқу туды­ра­тын мұн­дай текетірес біз­ге мүл­дем қажет емес. Жасам­паз­ды­ққа ере­геспен емес, келісім­мен, мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар ара­сын­дағы мәміле­мен жетуі­міз керек. Қазір­гі Қаза­қстан­ның төңіре­гін­де­гі гео­са­я­си жағ­дай­лар күн сай­ын құбы­лып тұрған кез­де және біз­ге деген Орта Ази­я­лық тұрақты­лы­қтың кон­ти­нент­тік қызы­ғу­шы­лы­ғы артқан жағ­дай­да, біз­ге даму­дың басқа аль­тер­на­ти­ва­сы жоқ деп ойлаймын.

– Сіз бұрын ОСДП пар­ти­я­сы­ның мүше­сі бол­ды­ңыз, бел­гілі бір кезең­де «ДАТ» медиа­сы да сол ортаға жақын бол­ды. Пар­ти­ядан кетуіңіз – сая­си көзқа­ра­сы­ңы­здың өзге­руі ме, әлде қазір­гі пар­ти­я­лық жүйе мен бәсе­ке­ле­стік­ке деген сенім­нің әлсіре­уінің көрінісі ме?

– Бұл сұрағы­ңы­зда қара­ма-қай­шы­лық көп екен… Бірін­ші­ден, мен пар­ти­ядан өз еркім­мен кет­кен жоқ­пын, мені мүд­делі күш­тер­дің «заго­вор» жаса­уы арқы­лы пар­ти­я­лық төң­керіс жолы­мен кетір­ді. Екін­ші­ден, мен пар­ти­ядан кету­ге емес, қоғам­дағы бар­лық про­те­стік және аза­мат­тық күш­тер­ді ЖСДП-ның төңіре­гіне топ­та­сты­руға мүд­делі едім. Бірақ бұл қоғам­дық топ­та­су билік жүй­есіне элек­то­рал­ды тұрғы­да үлкен қауіп әке­летін болған соң, мені күш­теп кетіру­ге ықы­лас күшті болды.

Ал ЖСДП-дан кетуіңіз­ге «пар­ти­я­лық жүйе мен бәсе­ке­ле­стік­ке деген сенім­нің әлсіре­уінің көрінісі ме?» деген нығы­зда­уы­ңы­зға орай айтар бол­сам, сая­сат­та жеке көңіл-күй­ге жеңістік беру­ге бол­май­ды. Сая­сат әдет­те без­бүй­рек (цинич­ный) бола­ды және бір сәт­тілік іркілі­стен шімірік­пеу керек. Мен ада­ми тұрғы­да әлсіздік таныт­сам да, сая­си ұста­ны­мым босбел­беу бол­мауы тиіс. Егер алған бетіңе сенім­ді бол­саң, әлдебір сыр­тқы әсер­лер­ге дес беру­ге болмайды.

– Сіздің ойы­ңыз­ша, қол­да­ны­стағы Кон­сти­ту­ция Қаза­қстан­дағы сая­си пар­ти­я­лар­дың бәсе­ке­ле­сті­гін және пар­ла­мент­тік ықпал­ды күшей­ту­ге жет­кілік­ті ме?

– Қол­да­ны­стағы Кон­сти­ту­ци­я­ның күні екі айдан кей­ін біте­ді. 1 шіл­де­ден бастап жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның құзіреті күшіне енеді. Осы тұрғы­дан алсақ, жаңа Ата заң пар­ти­я­лық бәсе­ке­ле­стік­тің артуы­на қалай ықпал етерін қай­дам, бірақ пар­ла­мент­тің, яғни Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Құры­л­тай­ы­ның ықпа­лын арт­ты­ра­ды деп ойлай­мын. Басқа­дай болуы мүм­кін емес. Енде­ше біз ақтер-көк­тер болып, пар­ла­мент­тік рефор­ма­ны несіне жаса­дық?! Бүгін­гі Мәжілісті күз­де келетін Құры­л­тай­ға айна-қатесіз көшіріп қоя салған­нан не ұтамыз?

Бірін­ші­ден, бір пала­та­лы пар­ла­мент­тің өкілет­ті билік­тік мүм­кін­ді­гі, атқа­ру­шы билік­тің Құры­л­тай алдын­дағы есеп­тілі­гі күшейеді.

Екін­ші­ден, бұл өзгеріс билік инсти­тут­та­ры ара­сын­дағы қарым-қаты­нас мәсе­ле­лері бой­ын­ша басты аны­қта­уыш фак­тор бола­ды деп санай­мын. Билік иерар­хи­я­сын­да Құры­л­тай маңы­зды сая­си тұтқа­ны ұстай оты­рып, мем­ле­кет­тік орган­дар қыз­метін пар­ла­мент­тік бақы­ла­удың жаңа мүм­кін­дік­теріне қол жеткізеді.

– Егер құқы­қтық база жет­кілік­ті бол­са, онда мәсе­ле инсти­тут­тар­да ма, әлде сая­си эли­та­лар­дың мінез-құлқын­да ма?

– Елдің тұрақты және интен­сив­ті дамуы жолын­да мем­ле­кет­тік инсти­тут­тар­дың рөлін бірін­ші кезек­ке қою керек. Сая­си эли­та­ның мінез-құлқы біз­ге заң­на­ма және мем­ле­кет­тік басқа­ру инстру­мен­та­риі бола алмай­ды! Бір сөз­бен айтқан­да, сая­си эли­та – бұл мем­ле­кет басқа­ру ісін­де­гі аза­мат­тық өренің сапа­лық дең­гей­ін ғана аны­қтай­тын ұғым. Тіп­ті Пре­зи­дент­тің бір жар­лы­ғы­мен тағай­ын­да­лып, бір жар­лы­ғы­мен ғана жоғарғы қыз­меті­нен алы­на­тын лау­а­зым­гер­ді эли­та­лық тұлға деп есеп­те­удің өзі ұшқа­ры ұста­ным бола­ды деп ойлай­мын. Эли­та­ны жар­лық емес, бел­гілі бір тұлға­ның тұр­па­ты, өмір­лік прак­ти­ка­сы аны­қта­уы тиіс!

– Сіздің ойы­ңыз­ша, Қаза­қстан­да шынайы пар­ла­мент­тік демо­кра­ти­я­ны дамы­ту үшін қан­дай нақты инсти­ту­ци­о­нал­дық рефор­ма­лар қажет?

– Бүгін­гі әлем­дік қарым-қаты­на­стар тәр­тібі күрт өзгер­ген жағ­дай­да «шынайы пар­ла­мент­тік демо­кра­тия» деген ұғым ұлт­тық мүд­де­лер­ге жеңістік беру­де. Басқа­ша айтқан­да, клас­си­ка­лық ұғым­дағы демо­кра­ти­я­лық ұғым мем­ле­кет­тер­дің ішкі ұлт­тық мүд­десіне жол беру­ге мәж­бүр болған сая­си және гео­са­я­си жағ­дай туды. Мәсе­лен, «шынайы пар­ла­мент­тік демо­кра­ти­я­ның» өлшем эта­ло­ны қай­сы? АҚШ Кон­гресі ме? Мұн­да пре­зи­дент Трамп­тың аван­тю­ра­лық-авто­ри­тар­лық шешім­дері мен баста­ма­ла­ры басым­ды­лық алып кет­се, ондай демо­кра­ти­я­ның үлгісі біз­ге қажет пе? Неме­се демо­кра­ти­я­лық көп­шілік­ке бой бер­мей кел­ген Вен­гри­я­ны ортақ прин­циптер­ге мүд­делі ете алмаған Еуро­одақтың демо­кра­ти­я­сы біз­ге эта­лон бола ала ма? Неме­се жылы­на бес үкі­мет­тің ауы­суы­на себеп­кер болып, мем­ле­кет­тік тұрақты­лы­ққа зала­лын тигізіп оты­рған Фран­ция пар­ла­мен­ті біз­ге демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар­дың үлгісі болуы керек пе?

Міне, біз түгілі, бүкіл өрке­ни­ет­ті әлем сая­си құн­ды­лы­қтар­ды қай­та бағам­дау зама­ны­на тап болған кез­де біз қан­дай «пар­ла­мент­тік демо­кра­ти­я­ны дамы­ту» жолын таң­да­уы­мыз керек? Менің ойым­ша, дәл қазір­гі өтпе­лі кезең­де біздің демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар ұлт­тық қажет­тілік мүд­десі­нен басым бол­мауы керек. Мәсе­лен, дамы­ған демо­кра­тия елдерін­де адам құқы­ғы құн­ды­лы­ғы сана­лып кел­ген ЛГБТ иде­я­сы біз үшін қан­дай өртеніп бара жатқан маңы­зды мәсе­ле болуы мүм­кін? Неме­се елі­міздің ұлт­тық қорға­ныс қауіп­сізді­гі мен тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғы мен мем­ле­кет­тік мүд­де­міз жолын­да «адам құқы­ғы» ұғы­мын екін­ші кезек­ке түсі­ру қажет­тілі­гі өткір­лен­ген кез­де біз Пар­ла­мент­ті демо­кра­ти­я­лық мыл­жы­ңға баты­рып қой­ып, оты­ра ала­мыз ба? Міне, сіздің сұрағы­ңы­зға осын­дай салы­стыр­ма­лы жағ­да­ят­тар жау­ап бере ала­ды деп ойлай­мын. Қысқа­сы, ұлт­тық мүд­де бәрі­нен де басым болуы тиіс сая­сат­тың кезіне кел­дік, демо­кра­тия үшін біз өзі­міздің ұлт­тық-мем­ле­кет­тік даму жолы­мы­зды ман­сұқ ете алмай­мыз! Бұл бүгін­де жаңа әлем­дік тәр­тіп­тің тен­ден­ци­я­сы­на айна­лып бара жатқан құбы­лыс болмақ.

«DAT» газетінің бола­шағы тура­лы не айта­сыз? Бұл басы­лым «Айран» интер­нет ресур­сы сияқты бағы өшіп тына ма?

– «DAT» – 28 жыл­дық тарихы бар басы­лым­дық медиа-жоба. Кезін­де бұл жоба­ның 10-нан астам газет­тері қия­нат­ты сот­тың шеші­мі­мен, қуда­ла­у­мен жабыл­ды. Бірақ Феникс құсы сияқты әрдай­ым басқа ата­у­лар­мен, бірақ «DAT» мар­ка­сын сақтап, біре­гей лей­бл­мен қай­та­дан шығып отыр­ды. Менің ойым­ша, уақы­ты кел­ген­де, бұл табан­ды­лық өзінің қоғам­дық-кәсіп­тік және сая­си баға­сын алуы тиіс. Бұл орай­да жуы­қта «DAT»-тың туған күніне арнап, «Фейс­бук­те» пост жазған едім. Сол пост газет­тің тарихы­нан біраз мағлұ­мат береді, дис­сер­та­ци­я­лық жұмысы­ңы­зда пай­да­ла­нуға болады.

Сон­ды­қтан бүгін­де қағаз газет­тер­ге деген сұра­ныс күрт азай­ып кет­се де, мен тірі тұрған­да деп айтай­ын­шы, бұл басы­лым жабылмайды!

Республиканский еженедельник онлайн