Четверг , 18 июня 2026

КОНСТИТУЦИЯ күнделікті құқықтық құралға АЙНАЛУЫ ТИІС

ҚР Пре­мьер-мини­стрі Олжас Бектеновке!

  • Мем­ле­кет бас­шы­сы жари­я­лаған «Әділет­ті Қаза­қстан» тұжы­рым­да­ма­сы­ның өзе­гін­де заң үстем­ді­гін қам­та­ма­сыз ету, құқы­қтық мем­ле­кет­ті нығай­ту және аза­мат­тар­дың құқы­қтық мәде­ни­етін қалып­та­сты­ру мін­деті тұр. Ата заң­ды тек құқы­қтық құжат ретін­де ғана емес, аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­тің, ұлт­тық біре­гей­лік­тің және мем­ле­кет­тік сана­ның негізі ретін­де қоғам­дық өмір­де кеңі­нен орны­қты­ру маңызды.

Дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің тәжіри­бесі бұл бағыт­тағы жұмыстың жүй­елі түр­де жүр­гізілетінін көр­се­те­ді. Мәсе­лен, АҚШ пен Еуро­па­ның бірқа­тар елдерін­де Кон­сти­ту­ция мем­ле­кет­тік басқа­ру­дың ғана емес, қоғам­дық өмір­дің де негіз­гі бағ­да­ры­на айналған. Сот шешім­дері мен мем­ле­кет­тік орган­дар­дың құқы­қтық актілерін­де Кон­сти­ту­ция нор­ма­ла­ры­на тұрақты түр­де сіл­те­ме жаса­лып, аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық сау­ат­ты­лы­ғын арт­ты­руға ерекше көңіл бөлінеді.

Қаза­қстан­да да соңғы жыл­да­ры Кон­сти­ту­ци­я­ның рөлін күшей­ту бағы­тын­да маңы­зды рефор­ма­лар жүзе­ге асы­рыл­ды. Кон­сти­ту­ци­я­ны ілгеріле­ту жөнін­де­гі жос­пар қабыл­дан­ды, сот тәжіри­бесін­де Ата заң нор­ма­ла­ры­на тіке­лей сүй­е­ну үрдісі қалып­та­сып келеді. Білім беру жүй­есін­де құқы­қтық мәде­ни­ет пен аза­мат­тық жау­ап­кер­шілік­ті нығай­туға бағыт­талған жаңа пән­дер енгізілді.

Алай­да Кон­сти­ту­ци­я­ның қоғам­дағы орны мен маңы­зын терең түсі­ну дең­гейі әлі де жет­кіліксіз. Көп жағ­дай­да оның нор­ма­ла­ры кәсі­би құқы­қтық орта аясын­да ғана қол­да­ны­лып, аза­мат­тар­дың күн­делік­ті өмірі­мен толық сабақ­та­са қой­ған жоқ. Ал Кон­сти­ту­ция әрбір аза­мат­тың өмір­лік ұста­ны­мы­на, құқы­қтық мәде­ни­етіне және аза­мат­тық жау­ап­кер­шілі­гіне негіз бола­тын құн­ды­лы­ққа айна­луы тиіс.

Мыса­лы, АҚШ-та құқық қорғау орган­да­ры аза­мат­ты ұстаған кез­де оған Кон­сти­ту­ци­я­мен кепіл­дік беріл­ген құқы­қта­ры тура­лы мін­дет­ті түр­де түсін­діреді. Бұл – кон­сти­ту­ци­я­лық нор­ма­лар­дың қоғам өмірін­де нақты жұмыс істей­тінінің айқын көрінісі.

Консти­ту­ция – мем­ле­кет­тің негіз­гі заңы ғана емес. Ол – аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен бостан­ды­қта­ры­ның кепілі, қоғам­дық келісім­нің тіре­гі және елі­міздің ұзақ мерзім­ді дамуы­ның стра­те­ги­я­лық бағдары.

Осы­ған бай­ла­ны­сты Үкі­мет­ке мына­дай ұсы­ны­стар­ды қарас­ты­ру­ды ұсынамын:

Бірін­ші­ден, Кон­сти­ту­ция күнін мере­келік сипаттағы шара­лар­мен ғана шек­те­мей, құқы­қтық мәде­ни­ет пен кон­сти­ту­ци­я­лық пат­ри­о­тизмді нығай­та­тын жал­пы­ха­лы­қтық ағар­ту­шы­лық жоба­лар­мен толы­қты­ру қажет.

Екін­ші­ден, мем­ле­кет­тік қыз­мет­шілер­дің, құқық қорғау орган­да­ры қыз­мет­кер­лерінің және әске­ри қыз­мет­шілер­дің кәсі­би қыз­метін­де Кон­сти­ту­ция қағи­дат­та­рын бас­шы­лы­ққа алу тәжіри­бесін одан әрі күшей­тіп, бұл бағыт­тағы оқы­ту және түсін­ді­ру жұмыста­рын жүй­елі негіз­де жүр­гі­зу қажет.

Үшін­ші­ден, Кон­сти­ту­ци­я­ның қазақ және орыс тіл­дерін­де­гі ресми мәтінінің бар­лық білім беру ұйым­да­рын­да, әске­ри бөлім­дер­де, мем­ле­кет­тік меке­ме­лер мен кәсі­по­рын­дар­да қол­жетім­ді болуын қам­та­ма­сыз ету мәсе­лесін қарас­ты­ру қажет.

Төр­тін­ші­ден, аза­мат­тар­дың кон­сти­ту­ци­я­лық сау­ат­ты­лы­ғын арт­ты­ру мақ­са­тын­да бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­мен цифр­лық плат­фор­ма­лар арқы­лы тұрақты ақпа­рат­тық-ағар­ту­шы­лық жоба­лар­ды іске қосу орын­ды деп санаймын.

Ата заңға құр­мет – құқы­қтық мем­ле­кет­тің ғана емес, әділет­ті қоғам­ның да басты өлше­мі. Сон­ды­қтан Кон­сти­ту­ци­я­ның қағи­дат­та­ры әрбір аза­мат­тың күн­делік­ті өмірінің ажы­ра­мас бөлі­гіне айна­луы тиіс.

Үнзи­ла ШАПАҚ, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің депутаты

Республиканский еженедельник онлайн