Пятница , 7 августа 2026

Өкініштер жоқ десем,ӨТІРІК АЙТҚАН БОЛАМ

Құры­л­тай­дың сай­ла­уы жари­я­ла­нып, сая­си додаға түсетін пар­ти­я­лар мен пар­ти­я­лық тізім­дер­ге енген үміт­кер­лер аны­қталған­нан бері біраз уақыт өтсе де, ҚР Пар­ла­мен­ті Мәжілісінің экс-депу­та­ты Ермұрат Бапи ләм-мим үнсіз жатқан еді. Кеше «Жас Алаш» газетін­де елге таны­мал сая­сат­кер-жор­нал­шы өз таны­мын­дағы өтпелі кезең­ге сәй­кес сая­си сарап­та­ма­лық сұх­бат бер­ген екен. Біз сол сұх­бат­тың толық мәтінін «DAT»-тың оқыр­ман­да­ры үшін қаз-қал­пын­да көшіріп басу­ды жөн көрдік.

Құры­л­тай сай­ла­у­ы­на қаты­са­тын кан­ди­дат­тар тізі­мі­нен есі­міңізді таба алма­дық. Сай­ла­у­ға түсетін 7 пар­ти­ядан ұсы­ныс түс­пе­ді ме, әлде өзіңіз пар­ти­яға кіру­ге, Құры­л­тай­ға баруға ынта­лы бол­ма­ды­ңыз ба?

– Осы сұрағы­ңы­зға орай бірін­ші кезек­те айта кетей­ін: «Ақ жол» пар­ти­я­сы­на мың алғыс! Пар­ти­я­ның төрай­ы­мы Дәния Есба­е­ва мен орын­ба­са­ры Ерлан Бар­лы­ба­ев­тың аты­нан ұсы­ныс бол­ды. Кеше туып, бүгін монстр болуға ұмты­лған «Әділет» пар­ти­я­сын Құры­л­тай сай­ла­у­ын­да жеңе алмас, бірақ «Ақ жолға» нағыз ақ жол тілеймін!

Айт­пақ­шы, тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның тарихын­да сая­си ғұмы­ры бәрі­нен ұзақ пар­тия 2003-04 жыл­да­ры билік­тің айда­уы­мен екі­ге бөлініп кет­кен кез­де мен қоғам жағын­да қалған «Нағыз Ақ жол­дың» қата­рын­да болғанмын…

– Енде­ше бұл ұсы­ны­сты қабыл алып, Құры­л­тай сай­ла­у­ы­на неге қатыспадыңыз?

– Менің 30 жылға жуық созы­лған сая­си жолым өзге­ше­леу ғой… Оппо­зи­ци­яда бол­дық, өртен­дік, тонал­дық, сот­тал­дық… Одан өкілет­ті билік – Пар­ла­мент­ке кел­генім­ді есті ел біраз біл­се керек.

Енді бүгін­гі жеке басым­ды ғана емес, елдің тағ­ды­рын көбірек ойлай­тын, тәжіри­бе әбден толы­сқан жасқа жет­тік. Бүгін­де әрбір сала­у­ат­ты ұста­ным­дағы сая­сат­кер өз таң­да­уын елде­гі нақты сая­си жағ­дай­мен, мем­ле­кет­тік сая­сат­пен салы­сты­рып, шешім қабыл­да­уы тиіс деп ойлай­мын. Себебі бүгін біз­ге жеке басқа индуль­ген­ция емес, елдік мүд­де мен тәу­ел­сіздік­тің тұрақты­лы­ғы бәрі­нен қым­бат болуы тиіс. Мен үшін төңіре­гім­ді бұза-жара ұмты­ла­тын албырт либе­ра­лизм мен жалаң демо­кра­ти­я­ның бала­лық зама­ны өтті. Біз қала­сақ та, қар­сы бол­сақ та, мем­ле­кет мүд­десі мен ішкі-сыр­тқы тыны­штық үшін бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік сая­сат­тың шең­бері­нен шығып кету – бүгін­гі сая­си реалға сәй­кес кел­мей­тін қылық бола­ды. Ел төңіре­гіне төніп тұрған тәу­е­кел­дер көп: соғыс зардаб­ын сездір­ген жалғыз ғана КТК мұнай құбы­ры­ның өзі біз­ге біраз бел­гі бер­се керек.

Билік пен қоғам ара­сын­дағы нәти­же­сіз ере­геспен, есер­соқ егеспен, кеудем­соқ мен­мен­дік­пен елге ештеңе өндіріп бере алмай­мыз. Иә, «жеке батыр» болып, әсіре­се онлайн қоғам­ның қол­пашта­уы­на қарық болуың мүм­кін, бірақ мұн­дай попу­лиз­мнің пай­ым­ды пер­спек­ти­ва­сы бол­май­ды. Демо­кра­ти­я­ның «бозба­ла сырқа­ты­нан» ары­ла алмай жүр­ген жеке­ле­ген аза­мат­тар қалып­тасқан нақты жағ­дай­дың осы өтпе­лі сая­си сипа­тын ескер­гені жөн бола­ды. Басқа бала­ма жоқ.

Сон­ды­қтан «Ақ жол­дың» ұсы­ны­сы­на алғы­сым­ды айта оты­рып, іркіліп қалған жағ­дай­ым бол­ды. Ширек ғасыр­лық тарихын­да пар­ти­я­ның мүй­ізі қарағай­дай талай аза­мат­та­ры, әсіре­се кей­ін­гі жаста­ры үлкен сая­сатқа ара­ла­суға ұмты­лып оты­рған кез­де «Ақ жол­дың» сиезіне барып, «есік­тен кіріп, төр менікі» деудің реті қайсы?!

– Деген­мен, сіздің Құры­л­тай­ға кіруіңізді қол­даған қоға­ми жұрт­шы­лық басым бол­ды ғой…

– Қуа­ныш бауы­рым, әзір­ге бүге тұрай­ын десем де, сен қаз­ба­лап қой­маған тақы­ры­пқа бай­ла­ны­сты бір тоқта­мым­ды айтай­ын: Құры­л­тай­ға жоралғы пар­ти­я­лық тізім­дер­де мен неге жоқ­пын деген сұрақ емес, «ескі Қаза­қстан­ның» Мәжілісте­гі басқа бел­сен­ді сын­шы­ла­ры неге кір­мей қал­ды деген мәсе­ле мені қат­ты­рақ толған­ды­ра­ды? Еділ Жаң­быр­шин, Бақыт­жан Базар­бек, Абзал Құс­пан, Ринат Зай­ыт, бер­гі жастар – Мақ­сат Толы­қ­бай мен Нар­тай Арал­бай неге тізім­де жоқ? Бұлар­дың бәрі кеше ғана «Ама­нат­тың» ішін­де жүріп, бұры­нғы сая­си режим­ді айран­дай қылған бүгін­гі «Әділет­тің» мүше­лері еді ғой?

Қазы­на­лық тіл­де «целе­на­прав­лен­ный» деген орыс­ша сөз бар ғой, егер сол сияқты мақ­сат­ты сая­сат­тың сал­да­ры бол­са, бұл расын­да да ел үшін елең қылар­лық жағ­дай! «Жаңа Қаза­қстан» деген тір­кесті неге ұмы­та баста­дық деген сұрақ осын­дай­да туын­дай­ды. Егер сіз өз сау­а­лы­ңы­зға осы сұрақтар­дың сұл­ба­сын қуа­лай жау­ап іздей­тін бол­саңыз, бәл­кім, молы­рақ мәлі­мет­ке кене­луіңіз мүмкін…

– Ал «Әділет­тен» шақы­ру бол­ма­ды ма?

– Бол­ма­ды! Бірін­ші­ден, «Әділет­те» ғана емес, ешқан­дай пар­ти­яда жоқ мен түгілі, «Ама­нат­тың» өзін­де бел­сен­ді болған бірқа­тар фрак­ция мүше­лері шақыр­ту­ды ертең сиез өте­ді деген күні кеш­кісін алған екен. Кей­бірі сиез баста­ларға бірер сағат қалған­да, пиджа­гы­ның жеңін сұғы­на жүгіріп жетер шаққа шақы­ру алып­ты. Сон­ды­қтан «бесік­тен белі шық­паған», мен мүше­сі бол­маған «Әділет» пар­ти­я­сы­на айтар ешқан­дай өкпем де, жөн-жосы­қ­сыз тала­бым да жоқ! Оның үстіне сиезіне шақы­рып алып, дауыс беру нәти­же­сін­де тізім­ге енгіз­бей тас­та­са, одан өткен қор­лық болу­шы ма еді?! Тіп­ті тізім­ге қосып қой­ып, аты-жөнім мен абы­рой-атағым­ды сай­лау науқа­ны­на пай­да­ла­нып алып, «судан өткен соң» депу­тат­тық ман­дат­тан қағып тас­та­са, қоғам алдын­да қып-қызыл позор болар едім ғой! «Аш құлақтан – тыныш құлақ»!

– Ұзақ уақыт билік­тің кем­шілі­гін айтып, сыни көзқа­рас ұста­нып кел­діңіз. Депу­тат болған 3 жыл­да бұрын өзіңіз айтқан кем­шілік­тер­ді түзе­ту­ге мүм­кін­дік туды ма? Сіздің ойы­ңыз­ша, жүй­ені іштен өзгер­ту мүм­кін бе екен?

– Жоқ, бауы­рым, пар­ла­мент­тік билік – бұл ұжым­дық шешім­нің орта­сы. Жүй­елік мәсе­ле мен сіресіп қалған кіна­рат­тар­ды жеке­ле­ген депу­тат­тар өз бетін­ше шеше алмай­ды. Иә, бел­гілі бір мәсе­ле­ге қаты­сты даб­ы­ра көте­ру­ге бола­ды, бірақ бұл айда­лаға айты­лған жаңғы­ры­қ­сыз даңға­за дыбыс болып қалады.

Соңғы үш жыл­дағы сая­си жағ­да­ят­тар­ды сара­лап қара­сақ, елде­гі еле­улі өзгерістер­дің 99 пай­ы­зы мем­ле­кет­тік сая­си шешім­нің нәти­же­сін­де жүзе­ге асқан екен. Пар­ла­мент сол сая­си баста­ма­лар­ды заң­да­сты­рып, өзгерістер­ге заң негізін­де жол салып беріп оты­ра­тын орган. Айта кету керек, қабыл­данған заң­дар 100 пай­ыз «ләп­пай тақ­сыр» бол­ды десе, қоғам қат­ты қате­ле­седі. Көп­те­ген заң­дарға халы­қтық-қоғам­дық мүд­де талап­та­ры енгізіл­ді. Мәсе­лен, мен жұмыс тобы­ның құра­мы­на енген «Құры­лыс кодексі» мен Жер қой­на­уы бай­лы­қта­рын иге­ру жөнін­де­гі заң жоба­ла­рын талқы­лау бары­сын­да депу­тат­тар мен атқа­ру­шы уәкілет­ті орган­дар қыры­қ­пы­шақ тар­ты­сқа түс­кен кез­дер бол­ды. Ондай текетірес жағ­дай­лар аз болмады.

– Депу­тат болған кезіңіз­де қан­дай заң­дар­дың қабыл­да­нуы­на баста­ма­шы бол­ды­ңыз неме­се бел­сене атсалыстыңыз?

– Мен Халы­қа­ра­лық істер, қорға­ныс және қауіп­сіздік коми­тетінің мүше­сі ретін­де негізі­нен елдің, мем­ле­кет­тің Қару­лы күш­тері мәсе­лесіне қаты­сты заң­дарға жана­шыр болуға тыры­стым. Елдің қорға­ныс қабілетін күшей­ту мақ­са­тын­да «Резерв­те­гі әске­ри қыз­мет тура­лы» заң жоба­сы­на жетек­шілік еттім. Жал­пы, біздің коми­тет осы шолақ үш жыл­дың ішін­де Қорға­ныс мәсе­лесіне бай­ла­ны­сты Пар­ла­мент тарихын­да бұрын-соң­ды бол­маған жұмыс­кер­лік­пен бір­не­ше заң­дар қабыл­да­уға мұрын­дық болды.

– Өкіні­ш­тер жоқ па?

– Үлкен бір өкініш – бүкіл Пар­ла­мент уақыт бел­де­уі тура­лы мәсе­ле­де атқа­ру­шы билік­тің дегеніне төтеп бере алма­дық! Сол сияқты жол-авто­көлік басқа­ру ісін­де ішім­дік­ке бай­ла­ны­сты жау­а­пқа тар­ты­лған аза­мат­тар­дың жаза­сын 7 жыл­дан кеміту­ге, құры­ған­да 5 жылға түсі­ру мәсе­лесін шеше алма­дық. Үйін­де­гі жаңғыз көлі­гі­мен отба­сын асы­рап жүр­ген ада­мға 7 жыл­дық «түзе­лу» жаза­сы өте көп.

Мәжілі­сте өткен үш жыл­дан өкіні­ш­тер жоқ десем, өтірік айтқан болам. Мыса­лы, «ескі Қаза­қстан­нан» қалған сая­си эли­таға реви­зия-аудит жүр­гі­зу қажет­ті­гі жөнін­де «Люст­ра­ция тура­лы» заң жоба­сын қабыл­да­уға қаты­сты айты­лған ұсы­ны­сым қабыл­дан­ба­ды. Бәл­кім, ішкі сая­си тұрақты­лы­қты толқыт­пау үшін менің ұсы­ны­сым аяқ­сыз қалған шығар…

Ал жеме-жем­ге кел­ген­де, Құры­л­тай­ды «жасар­ту» мақ­са­тын­да қазір­гі жүріп жатқан науқан «люст­ра­ци­я­ның» сая­си түр­де­гі жұм­сақ үлгісі деп білем! Өзіңіз қараңыз, кей­бір сарап­шы­лар­дың есебі бой­ын­ша, Құры­л­тай­ға ұсы­ны­лған кан­ди­дат­тар­дың орта жасы – 46 жас. Яғни, Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев мәс­ли­хат­тар­дың рес­пуб­ли­ка­лық фору­мын­да сөй­ле­ген сөзін­де айтқан­дай, бұл – жастар пар­ла­мен­ті бол­мақ. Менің ойым­ша, бұл сая­сат­тың түп­кі мақ­са­ты Құры­л­тай­дың құра­мын бала-шаға­дан сай­лау емес, сая­си эли­та­ны «ескілер­мен» былған­баған жастар­дан сұрып­тау! Қара­пай­ым қис­ап­пен қара­сақ, қазір­гі 46 жастағы­лар бұдан 7 жыл бұрын орта есеп­пен 40-қа жетер-жет­пес жастар еді. Олар «ескі билік­тің» жете­гі­мен үлкен лау­а­зы­мға іліне қой­маған, бұры­нғы режим­мен ауыз­жа­ла­сып үлгер­ме­ген шақта бол­ды. Бір сөз­бен айтқан­да – жаңа ұрпақ.

Осы ара­да орайы келетін бір мәсе­ле – елдің сая­си тарихы­ның ескі бетін жауып, жаңа даму плат­фор­ма­сы­на ауы­сқан кез­де бұл «жұм­сақ люст­ра­ция» мем­ле­кет­тік атқа­ру­шы орган­дар­да да жалға­сын табуы керек! Сая­си эли­та­ны жаңар­ту-жасар­ту сая­са­ты Құры­л­тай­мен шек­теліп қал­са, борт­тың сыр­тын­да қалған жаңа толқын Мәжіліс депу­тат­та­рын «лақты­рып» кетудің айқын дәлелі бола­ды! Бәл­кім, мұн­дай­да «жаңа Қаза­қстан­ның» орта­сы­на жары­қ­шақ түс­кеніне рахат­танған «ескілер» алақан­да­рын ысқы­лап оты­руы әбден мүм­кін… Бүгін­гі билік былқ етпе­стей күшті пози­ци­яда отыр десек те, өзіне-өзі «жау» жасап алға­ны тіп­тен түсініксіз жағ­дай болады…

Сон­дай-ақ қаза­қтың ұлт­тық мәде­ни­етіне ашық шабуы­лға көш­кен деструк­тив­ті діни ағым­дар­ды ауы­зды­қтау мақ­са­тын­да мен бір топ депу­тат­пен бір­ге ұсы­нған «Дін және дін істері тура­лы» заң жоба­сы уәкілет­ті орган­дар­дың үстел суыр­ма­ла­рын­да қалып қой­ды. Бұл да бір жұтыл­маған өкініш бол­ды. Жел­тоқ­сан көтерілісін фран­цуз­дың «Басти­ли­я­ны алған күні» неме­се Ресей­дің «Октябрь рево­лю­ци­я­сы күні» сияқты Ұлт­тық мере­ке­ге айнал­ды­ру жөнін­де­гі ұсы­ны­сы­ма да жау­ап болмады.

– Екі пала­та­лы Пар­ла­мент тарап, орны­на бір пала­та­лы Құры­л­тай құрыл­ды. Халық ара­сын­да Пар­ла­мент жұмысы­на айты­лар сын көп. Сіздің ойы­ңыз­ша, жаңа Құры­л­тай бұры­нғы Пар­ла­мент­тің қан­дай қателі­гін қай­та­ла­мауы қажет? Жал­пы заң шыға­ру­шы орган­ның жұмысын­да нені өзгер­ту керек деп санайсыз?

– Бұл сұрағы­ңыз енді үлкен бір ғылы­ми-прак­ти­ка­лық кон­фе­рен­ци­я­ның тақы­ры­бы екен… Жал­пы, тарих қой­на­уы­на кет­кен Пар­ла­мент­тің жетісті­гі де, кем­шілі­гі де кон­сти­ту­ци­я­лық заң­дар­дың пәр­мені­мен аны­қтал­ды. Сол заң­дар­да бел­гі­лен­ген биік­тік­тен жоға­ры­ға бұры­нғы Пар­ла­мент те, енді­гі Құры­л­тай да секі­ре алмай­ты­ны аян. Сон­ды­қтан заң­дар­да бел­гі­леніп қой­ған нор­ма­лар­ды аттап өтіп, «жау кет­кен соң», Пар­ла­мент ана­дай-мына­дай болуы керек еді деп, діл­мар­сы­ған­нан нәти­же шық­пай­ды. Сол себеп­ті енді­гі сай­ла­на­тын Құры­л­тай­дың алдағы жұмыс бары­сын бағам­дап алай­ық, сонан кей­ін салы­стыр­ма­лы пікір айтуға мүм­кін­дік туа­ды деп ойлаймын.

Қалай болған­да да, қазір­гі ішкі-сыр­тқы реал жағ­дай­да Құры­л­тай пре­зи­дент­тік билік­ке бала­ма бола алмай­ты­нын мой­ын­дау және осы тала­пқа бағы­ну керек! Бүгін­гі гео­са­я­си әлем­де­гі алмағай­ып жағ­дай­да біз­ге біре­гей және пәр­мен­ді пре­зи­дент­тік билік­тен басқа аль­тер­на­ти­ва жоқ.

– Алдағы жос­па­ры­ңыз қан­дай? Пре­зи­дент Тоқа­ев Пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның бір бөлі­гі Халық кеңесіне бара­ты­нын айтқан еді. Ол жақтан ұсы­ныс түс­се, бара­сыз ба?

– Әзір­ге күз­ге дей­ін дема­лам, емде­лем, отба­сы­лық-әулет­тік жағ­дай­лар­ды рет­те­умен айна­лы­сам. Ал Құры­л­тай­мен бір­ге қыз­метін бастай­тын жаңа мем­ле­кет­тік-кеңес­шілік орган Халық кеңесінің Пре­зи­дент тағай­ын­дай­тын бас­шы­лы­ғы­нан ұсы­ныс түсетін бол­са, оны да қарас­ты­рып көру­ге бола­ды. Елдің бір пұшпағы­на сеп болар қарым-қуат бар кез­де Отанға қыз­мет қылған­нан артық бақыт болу­шы ма еді?!

Қуа­ныш ҚАППАС, «Жас Алаш» газетінің тіл­шісі, 04.08.2026

Республиканский еженедельник онлайн