Четверг , 3 сентября 2026

ТІЗГІНДІ ТЕҢ ҰСТАҒАН

Екінің бірі өзін «сая­сат­кер» сезін­гісі келетін тым қаза­қы­лау қоғам­да, басқа­ны айт­паған­да, қара­пай­ым «ақ» пен «қара» ұғым­да­ры­ның өзгер­мелі сипа­тын ажы­ра­ту­дың өзі қиын­дап бара жатқа­нын сезін­ген­де, кей­де айна­лаң­нан түңіліп-ақ кет­кің келеді. Мұн­дай­да қатып-семіп қалған оймен қару­ланған қоғам­нан, оның негіз­гі қозға­у­шы күші – ауы­тқы­ма­лы адам­нан, солар­дың ара­сы­нан гео­са­я­си тепе-теңдік ұғы­мын ұстап тұра ала­тын біре­уді іздеп тең­се­лесің. Тари­хи қалып­та­су негізі, дүние дида­ры­на тара­лу кезеңі мен даму саты­ла­ры бар сая­си қағи­дат­тар ғасыр­лар өтіп, жыл­дар жыл­жы­ған сай­ын өңін өзгер­тіп, мем­ле­кет басқа­ру мәде­ни­етінің ішкі-сыр­тқы кей­пін жетіл­діру­мен келе жатқан­ды­қтан, сая­сат пен сая­сат­кер­дің табиға­ты бір­дей емес.

Сон­ды­қтан да ол еке­уі жай­ын­да, оның қан­дай болуы керекті­гі жөнін­де алу­ан пікір­лер бар. Сол алу­ан­ды­қтың түбіне жете­мін деп жүр­ген­де сая­сат өңін өзгер­тіп, сая­сат­кер жетіл­ген әле­умет­тік инсти­тут­тар мен әлем­дік тәжіри­бе­лер толқы­ны­мен «жүрісі­нен жаңы­лы­сқан» сияқты болып көрі­нуі әбден мүм­кін. Бірақ мұның көбі алдам­шы, сыр­тқы көрініс екенін түсін­бей жата­ты­ны­мыз өкінішті.

Негізі, сая­сат­кер сырт көз­ге ішкі өрне­гін бір көр­сет­пей-ақ өтуі мүм­кін. Әлем­дік тәжіри­бе­де бұған мысал­дар көп. Былай­ғы жұрт сая­сат­тың өкіл­деріне қаты­сты суб­стан­ци­я­лы, инсти­тут­ци­о­нал­ды, әле­умет­тік, тео­ло­ги­я­лық, аль­тер­на­тив­ті түсінік­тер жиын­ты­ғы мен мүд­де­ле­стік мани­пу­ля­ция әсерін айтуға әуес. Ал мен үшін бұл поли­эй­кон құбы­лы­стың, оны маман­дық ретін­де тұты­нған жан­ның көп алдын­да көрі­нетін жағы­нан гөрі, жасы­рын, көмес тұста­ры қызы­ғы­рақ. Иә, мем­ле­кет ісіне ара­ла­са­тын, елдің мәсе­лесін сол тұрғы­дан шешетін тұлға да кәдуіл­гі ет пен сүй­ек­тен жаралған қара­пай­ым пен­де, тек көк­жи­ек­тер­ді көз­де­ген жос­па­ры бөлек деме­сең. Көп адам сая­сат­ты «ойын» деп түсі­нетін­дік­тен, сая­си-идео­ло­ги­я­лық жүй­е­де жүр­ген жан­дар­дың жаны­на үңі­ле бер­мей­тіні де сон­ды­қтан болар-ау.

Был­тыр Ере­кең – Ерлан Тыным­бай­ұ­лы Қарин­мен кез­де­судің сәті түс­кен. Еке­уа­ра әңгі­ме шер­тіп оты­рған сәт­те мен оған ұза­қтау жазы­лған, көп ада­мға тілі мен сти­лі, тіп­ті көтер­ген мәсе­лесінің өзі «түсініксіз­деу» моно­гра­фи­ям­ды ұсын­дым. Ол алды­мен кітап­тың «Эпи­ка­лық жыр­шы­лық: жан­ды орын­дау және импро­ви­за­ция» деген ата­уы­на, мұқа­ба­сы­на, оның қар­сы бетін­де­гі автор жай­ын­дағы мәлі­мет­ке ұзақ көз тоқтат­ты. Иә, оны­мен кез­де­су­ге барған қалам иелерінің дені алды­мен кіта­бын ұсы­на­ты­ны бел­гілі ғой. Қолы­на ұстап, «рақ­мет» деген бір ауыз ілти­патпен жыл­жы­тып қоя сала­тын шығар деп ойлаған­мын әуел­де. Жоқ, ол кере қарыс кітап­ты асы­қ­пай парақтай баста­ды. Жасы­ра­ты­ны жоқ, мұны­сы­на кәдім­гі­дей ішім жылып қоя бер­ді. Содан соң бет-жүзі­ме бар­лай бір қарап алып: «Бүй­тіп те кітап жаза­тын­дар әлі бар екен ғой», – деп әдет­те­гі бия­зы қал­пы­мен бір жылы жымиып алды да, менің тақы­ры­бым­ның тінін тарқа­та баста­ды. Сая­сат­кер­дің эпи­ка­лық жыр­шы­лық дәстүр­ден мұн­дай хабар­дар­лы­ғы­на таңғал­дым. Таңға­лып оты­рып, әлгі, менің моно­гра­фи­я­ма қаты­сты айтқан пікірін қай­та-қай­та ой еле­гі­нен өткі­зу­мен бол­дым. Мақтаға­ны ма, әлде… Содан еке­уміз дәстүр­лі өнер­дің бары­сы мен келісі, ән-күй, жыр-тер­ме­ге қаты­сты мұра­ның өткені, бүгіні, бола­шағы жай­ын­да ұзақ толға­дық. Шару­а­ба­сты аза­мат қой, соның жай­ын ойлап, бір жағы­нан қысы­лып та бара жатыр­мын. Сабаз, сыр алдыр­ма­ды. Ара­да бір сағат­тай уақыт өткен­де барып, қазір Пре­зи­дент­ке кіретінін айт­ты. Көсіліңкіреп кет­кенім­ді сон­да бір-ақ білдім.

Қас сая­сат­кер­ге тән ішкі мәде­ни­еті, кісілік һәм кіші­пей­іл кел­беті өз алды­на, осы жолы мен оның мұра­та­ну­дағы аудан-ауқы­мы­на разы бол­дым. Әсіре­се менің қолым­да сақта­у­лы келе жатқан Сыр өңіріне қаты­сты берісі екі мың, әрісі үш мың сағатқа жуық аудио-бей­не­жа­з­ба­ның жай­ын айтқа­ным­да, көзі жай­нап шыға кел­ді. Бұл әңгі­менің кезеңін де, кезе­гін де кей­ін тағы бір кез­де­судің сәті түс­кен күні кел­тіре­рмін деп ойла­дым іштей. Өйт­кені соның алдын­да ғана оның тіке­лей мұрын­дық болуы­мен жасалған, қаза­қтың ән, күй, мақам мұра­сы­ның 1500 көр­кем үлгісін топ­та­сты­рған, отан­дық музы­ка өнері тарихын­да алғаш рет халы­қа­ра­лық стри­минг­тер­де кең қол­да­ны­ла бастаған, жүз­ден аса таны­мал әлем­дік плат­фор­ма­ларға жүк­тел­ген, Пре­зи­дент­тің Ұлт­тық құры­л­тай­дың IV оты­ры­сын­да көтер­ген Ұлт­тық цифр­лық мұрағат құру баста­ма­сын жүзе­ге асы­руға негіз­дел­ген «Асыл мұра» жинағын көріп, көңілім көн­ші­ген. Күні кеше ғана Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың енді­гі жер­де жыр, тер­ме, күй өнерін дамы­туға мән беру қажет екенін айтып, «Асыл мұра» ұлт­тық сый­лы­ғын тағай­ын­дау тура­лы шешім қабыл­даға­нын есті­ген­де, был­ты­рғы әңгі­менің ізі қалай індетіл­генін сон­да біл­дім. Иә, ол бұй­ы­ғы қал­пы­мен-ақ ұлт игілі­гі, мем­ле­кет қажеті үшін осын­дай күр­делі шару­а­ларға ұйы­тқы болып жүреді. Сая­сат­кер­дің сыр­тқы әлем­мен өза­ра қаты­нас және сая­си жүй­енің әле­умет­тік орта­мен бай­ла­ны­сын бекіту­де­гі екі­жақты тепе-теңдік­ті ұстап тұруға негіз­дел­ген ықпа­лы – екінің бірін­де кез­де­се бер­мей­тін гомео­ста­зи­стік мін­деті Пре­зи­дент­тің сенім­ді сері­гі ретін­де­гі қауырт қыз­меті­нен де анық аңға­ры­лып тұрады.

Мәр­те­белі лау­а­зы­мың құт­ты бол­сын, гео­са­я­сат­тағы тең­ге­ру­ші гомеостазис!

Берік ЖҮСІПОВ,

Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қайраткері,

этно­фольк­лор­та­ну­шы ғалым

Республиканский еженедельник онлайн