Четверг , 3 сентября 2026

ЕҢ ЖАМАН НӘРСЕҮМІТСІЗДІК, СЕНІМ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖОҚТЫҒЫ

Соны­мен, 15 науры­зда Рес­пуб­ли­ка­лық рефе­рен­дум­да қабыл­данған жаңа Кон­сти­ту­ция негізін­де елі­міз­де тұңғыш рет заң шыға­ра­тын ең жоға­ры өкіл­ді орган – Құры­л­тай сай­лан­ды. Алғаш рет пар­ла­мент­тің сес­си­я­сы қыр­күй­ек­тің басын­да емес, тамыз айы­ның аяғын­да – 28 тамыз күні өтіп, 145 депу­тат ант қабыл­да­ды. Құры­л­тай төраға­сы, оның үш орын­ба­са­ры мен коми­тет төраға­ла­ры сайланды.

Бірін­ші сес­си­я­ның бірін­ші оты­ры­сын­да мем­ле­кет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқа­ев сөз сөй­леп, Құры­л­тай­дың, жал­пы елі­міздің алдын­да тұрған эко­но­ми­ка­ны, әле­умет­тік сала­ны дамы­ту жөнін­де­гі мін­дет­тер­ді атап көрсетті.

Маған әсіре­се Пре­зи­дент­тің «біз әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де аза­мат­тар­дың әле­уетін арт­ты­руға әрдай­ым баса мән бере­міз» және «жастарға еңбек пен тәр­тіп­тің қан­ша­лы­қты маңы­зды екенін түсін­діруі­міз керек» деген сөз­дері қат­ты әсер етті.

Әле­умет­тік мем­ле­кет – Қаза­қстан­ның Кон­сти­ту­ци­яда айқын­далған негіз­гі мақ­сат-мұрат­та­ры­ның бірі. Осы тұрғы­да білім беру, ден­са­улық сақтау, мәде­ни­ет, спорт және кре­а­тив­ті инду­стрия сала­сын жан-жақты дамы­туға айры­қ­ша назар ауда­ры­ла­ты­ны қуан­та­ды. Мем­ле­кет мақ­сат­шыл, табан­ды, еңбекқор адам­дарға әрдай­ым қолай­лы жағ­дай жасай­ты­ны нық сенім­мен айтылды.

Шынын­да да, хакім Абай бұдан бір жарым ғасыр бұрын айтқан талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – бәрі әрқа­шан, әсіре­се бүгін­гі күні өте маңы­зды. Егер мем­ле­кет өзім­ді және отба­сым­ды асы­рай­мын, орным­ды тауып, елім­нің қажет­ті жеріне кір­піш болып қала­на­мын деген оймен талап­та­нып, адал еңбек ете­мін, тәу­ел­сіз елім­нің заң­да­рын, бел­гі­лен­ген тәр­тіп­ті сақтап, қоғам­ның дамуы­на қыз­мет ете­мін дей­тін әрбір аза­мат­ты, әсіре­се жастар­ды тұрақты, жалақы­сы жоға­ры жұмыспен қам­та­ма­сыз ететін бол­са, бұдан бүкіл қоғам ұтпа­са – ешкім ұтылмайды!

Қасым-Жомарт Кемелұ­лы осы мақ­сат­та Ұлт­тық қор­дан қар­жы бөлу жос­пар­ла­нып оты­рға­нын, қара­жат бұры­нғы­дай оңды-сол­ды, мақ­сат­сыз жұм­сал­май­ты­нын, аза­мат­та­ры­мы­здың жаңа дәуір­де құқы­қтық сау­ат­сыздық, әле­умет­тік масыл­дық, жөн­сіз сөз бен орын­сыз сын­ның еш пай­да­сы жоқ екенін білуі қажет екенін де ерекше ескертті.

Бұның бәрі өте маңы­зды, әйт­пе­се «кер­тарт­па­ның кесірі – кең дүниені тар қылар» деген­дей, күн­делік­ті өмір­де, әле­умет­тік желілер­де қара аспан­ды жер­ге түсіріп, жігеріңді жан­шып, жүре­гіңді ауыр­та­тын: «ел болу­дан қал­дық», «ұлт ретін­де жой­ы­лып кетуі­міз мүм­кін», «әй, біз ешқа­шан оңбай­мыз» деген сыңай­дағы үміт­сіз, зиян­нан басқа ешкім­ге көк тиын пай­да­сы жоқ қан­ша­ма кер­тарт­па сөз­дер айты­лып жатыр! Қазақ о баста «жақ­сы ниет, жақ­сы сөз – жарым ырыс» деуші еді ғой! Ниеті­міз, сөзі­міз неге сон­ша­ма бұзылды?!.

Мұның бәрі кеше­гі әділет­сіз, озбыр заман­да күш-қай­ра­ты тасы­ған, теп­се темір үзетін жастар­дың жұмыс­сыз қалып, «само­за­ня­тый­ға» айна­луы, басқа да билік тара­пы­нан жіберіл­ген қателік­тер­дің кесірі­нен екені анық. Соның сал­да­ры­нан ниет, сөз бұзыл­ды, үміт үзіл­ді, ел билік­ке сену­ден қала жаздады.

Бүгін заман басқа, Аллаға шүкір, ниет те, сөз де, іс те жақ­сы жағы­на қарай өзгеріп жатыр. Көп­шілік­тің басын­да хан сарай­ын­дай үй, әр үйде үш-төрт­тен көлік, дастар­хан толы. Алма­ты­ның айна­ла­сын­дағы сан жет­пей­тін сал­та­нат сарай­ла­ры мен той­ха­на­лар­да күн­де той! Алай­да сана­ны бай­лық биле­ген заман­да мей­ірім, шапағат, бауыр­мал­дық, қай­ы­рым­ды­лық, ағай­ын-туы­стық деген жақ­сы қаси­ет­тері­міз кеміп бара­ды. Айта­ты­ны­мыз – өсек, өтірік. Тың­дай­ты­ны­мыз – мақта­ну, бәсе­ке. Сон­да қанағат қай­да қал­ды?! Рақым неге жоқ?!

Пре­зи­дент бұл жөнін­де де жақ­сы айтты.

– Біз озық ел ретін­де биік мақ­сат­тарға ұмты­луы­мыз керек. Ұсақ-түй­ек, кер­тарт­па әңгі­ме­лер­ге, әле­умет­тік енжар­лы­ққа ұрын­бай, әрқа­шан алға үміт­пен, сенім­мен қара­уы­мыз керек. Біздің нақты жос­па­ры­мыз бар, бағ­да­ры­мыз да айқын. Тек өзі­міз­ге сеніп, табан­ды түр­де жұмыс істе­уі­міз керек.

Біз ұлт­тық сана-сезім­ді қалып­та­сты­ру ісіне баса назар ауда­ра­тын бол­дық, бұл жұмыс өз жалға­сын таба­ды. Бұл – ең алды­мен төл шежіре­мізді тұтас тану және оны жұрт жадын­да жаңғыр­ту деген сөз. Тарих – ұлт­тың темірқа­зы­ғы, халқы­мы­здың баға жет­пес қазы­на­сы. Оны жалған намыс пен даңға­за мақтан үшін бұр­ма­лау жақ­сы­лық әкелмейді.

Жігері­мізді жасы­тып, кеше­гі күн­ге өкпе арта бер­сек, өске­лең ұрпаққа қан­дай тәр­бие бере­міз?! Біздің төл тарихы­мыз – қазір­гі және келе­шек ұрпақтар мақтан тұтар­лық біре­гей жыл­на­ма. Себебі қазақ халқы – сан түр­лі сынақтан, небір нәу­бет­тен аман өтіп, қай­сар­лы­ғын да, қаһар­ман­ды­ғын да паш еткен халық. Сана­сы сер­гек, ойы азат ұлт өткен күн­нен сабақ ала­ды, өткен тарихын биік­ке көте­реді және әрдай­ым алға ұмтылады.

Әсіре­се қазір елі­міз жаңа тари­хи өрлеу кезеңіне қадам басып жатқан кез­де бұл ұста­ным айры­қ­ша маңы­зды. Біз жасам­паз ұлт ретін­де ақиқат пен аңы­здың, шын­дық пен өтірік­тің ара жігін ажы­ра­тып, жағым­сыз кесел­дер­ден бір­жо­ла ары­луы­мыз керек. Кезін­де Ұлы Абай айтқан «бес дұшпан­нан», әсіре­се өнбей­тін дау-дамай­дан, бос сөз бен құр мақта­ну­дан аулақ болға­ны­мыз жөн. Ең алды­мен білім мен ғылы­мға жүгініп, нақты іспен айна­лы­суы­мыз қажет. Онсыз әлем өрке­ни­етіне іле­се алмай, көш соңын­да қалып қоюы­мыз мүм­кін. Бірақ біз бұған жол бер­мей­міз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұ­лы бүгін­гі нақты іс, ертең­гі жарқын бола­шаққа деген зор үміт, нық сеніммен.

Шынын­да да біз «мың өліп, мың тіріл­ген» туған халқы­мы­здың дана­лы­ғы­на, жасам­паз­ды­ғы­на, кез кел­ген қиын­ды­қтан ұлт болып ұйы­сып шыға білетін жеңім­паз­ды­ғы­на сеніп, оны күн сай­ы­нғы адал еңбек, мол табыс, бір-бірі­міз­ге деген шын құр­мет, шынайы сый­ла­сты­қ­пен нығай­та беруі­міз керек. Сон­да ғана ұлт­тың ұлы мұрат­та­ры­на жететіні­міз анық. Ал ең жаман нәр­се – үміт­сіздік, сенім мен жау­ап­кер­шілік­тің жоқтығы!

Біз­де ауыл­дық округ­тен бастап, Үкі­мет­ке дей­ін­гі мем­ле­кет­тік қыз­мет­тің жылы орын­тақта­рын­да оты­рған шене­унік­тер­дің басым көп­шілі­гін­де осы ең басты қаси­ет­тер­дің бірі ­– жау­ап­кер­шілік­тің жетіс­пей­тінін мем­ле­кет бас­шы­сы талай жиын­да талай рет айт­ты. Әркім үшін аса қажет бұл асыл қаси­ет тек мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер емес, кәсіп­кер­лер­де, қара­пай­ым аза­мат­тар­да да жетіс­пей­тіні ащы ақиқат. Оның үстіне жемқор­лық деген жегі құрт­ты жой­мақ түгілі, оның әлі мұр­ты да қисай­ған жоқ. Оған салғырт­тық, немқұрай­ды­лық, бюро­кра­тия, қағаз­паз­дық деген кесір­лер­ді қосы­ңыз. Осы келеңсіздік­тер­дің сал­да­ры­нан жоға­ры­дан бөлін­ген қар­жы төмен­ге дей­ін толық жет­пей, кей­де түгел­ге дей­ін талан-тараж бола­ды. Бұл өз кезе­гін­де ауыл­дар­ды таза ауыз су, жал­пы халы­қты мек­теп, бала­бақ­ша, ауру­ха­на, тұрғын үймен қам­ту сияқты әле­умет­тік мәсе­ле­лер­дің шеші­мін ондаған жылға кей­ін ысы­рып тастай­ды. Бұған мысал ретін­де, басқа­сын айт­паған­да, Аста­на­дағы ЛРТ мәсе­лесінің өзі жетіп жатыр!

1 қыр­күй­ек­те елі­міз бой­ын­ша жаңа­дан салы­нған көп­те­ген «Келе­шек мек­теп­тері», сон­дай-ақ күр­делі жөн­де­уден өткен білім ошақта­ры пай­да­ла­нуға беріл­ді. Қарап отыр­саң, солар­дың көбі халы­қтың игілі­гіне алға­шқы жос­пар­дан бір-екі жылға кеші­гіп тап­сы­ры­лып отыр. Сөзі­міз дәлел­ді болуы үшін мысал келтірейік.

Алма­ты облы­сы­ның орта­лы­ғы ­– Қона­ев қала­сы­ның, сон­дай-ақ кон­сти­ту­ци­я­лық ерекше мәр­те­бе­ге ие болған, қарқын­ды дамы­ту көз­деліп оты­рған жаңа қала Ала­та­удың іргесін­де орна­ласқан Нұра ауы­лын­дағы № 12 мек­теп­те күр­делі жөн­деу жұмыста­ры бұдан екі жыл бұрын аяқта­луы тиіс еді. Ол кеше­гі күн­ге дей­ін созыл­ды. Төрт жыл бойы 1200-ге жуық оқу­шы ешқан­дай жағ­дай жасал­маған Мәде­ни­ет үйін­де, ауыл­дық округ әкім­ді­гінің кең­сесін­де, ауыл орта­сын­дағы дүкен ғима­ра­тын­да, тіп­ті көр­ші ауы­лға қаты­нап оқы­ды. Жөн­деу жұмыста­ры­ның кеші­гуіне бай­ла­ны­сты ауыл тұрғын­да­ры­ның, ата-ана­лар­дың шағы­мы­на орай, бұл жер­ге қан­ша­ма рет Мәжіліс депу­тат­та­ры, Оқу-ағар­ту мини­стр­лі­гінің бас­шы­ла­ры, облыс әкі­мі, білім басқар­ма­сы мен аудан бас­шы­сы кел­ді. Соның өзін­де жөн­деу жұмыста­ры екі жылға кешік­ті. Басты себеп ­– мер­ді­гер ком­па­ния бас­шы­лы­ғы­ның жау­ап­сызды­ғы мен қар­жы­ның талан-тараж болуы. Әйте­уір айты­сып-тар­ты­сып, сот­та­сып жүріп, бірінің қыз­меті­нен бас тар­тып, басқа ком­па­ни­яға тап­сы­рып, аудан, облыс, мини­стр­лік, кеше­гі тара­ты­лған Мәжілістің бел­сен­ді депут­та­ры ара­ла­сып, әрең деген­де жөн­деу жұмыста­ры біт­кен­дей бол­ды. Егер әр мек­теп, құры­лы­сы басталған басқа да нысан­дар­дағы жағ­дай осы­лай бол­са, қалай біз қарқын­ды дамимыз?!.

Сон­ды­қтан біз қоғам мүше­лерінің бой­ын­дағы жау­ап­кер­шілік­ті, мей­лі ол шене­унік, депу­тат, кәсіп­кер не тағы басқа біреу бол­сын, ең басты қаси­ет деп сана­уы­мыз және оның қыз­метін соған қарап баға­ла­у­ы­мыз керек. Ал жау­ап­кер­шілік бар жер­де үміт те ояна­ды, сенім де күшейеді.

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев айтқан «әрқа­шан алға үміт­пен, сенім­мен қара­уы­мыз» үшін әрбір аза­мат­тың, мей­лі ол қара­пай­ым жұмыс­шы, оқы­ту­шы, кәсіп­кер не мем­ле­кетік қыз­мет­кер бол­сын ­– бар­лы­ғы заң мен тәр­тіп қағи­да­ты аясын­да адал еңбек етіп, қоғам, мем­ле­кет алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гі артуы тиіс!

Құт­мағам­бет ТАЛАПБАЙҰЛЫ

Республиканский еженедельник онлайн