Барлық пәле – ТІЛДЕ МЕ?

 

Қазақстан қалаларына жарнаманы аударатын емес, қазақ тілінде жазатын мамандар қажет деп санайды сарапшылар.

 

Қазақстан қалаларына жарнаманы аударатын емес, қазақ тілінде жазатын мамандар қажет, деп санайды Білім министрлігінің ғылым комитеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанова. «Жарнама дұрыс жазылуы үшін, бізге жекелеген мамандар қажет – жарнаманы аударатын емес, қазақ тілінде жазатын жарнамашылар», – деді А. Фазылжанова өткен сәрсенбі күні «Қалалық ортадағы қазақ тілі» дөңгелек үстелінің барысында. Ол сондай жарнамашы мамандарды даярлаумен айналысу қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар «Мэлс Ержанов» жеке қорының директоры Земфира Ержан сыртқы жарнамадағы мемлекеттік тілдің қате қолданылуы тілдік нормалардың девальвациясына әкеліп соғатынын айтып сендірді. «Қате аударма тәжірибесі лингвистикалық нормалардың девальвациясына әкеліп соғуы мүмкін, өйткені бұрмаланған грамматикалық пішіндері норма деп қабылдана бастайды», – деді З. Ержан.

Осы ретте ол қазақ тіліндегі жарнама мәтіндерінің «бар болғаны тек шартты» түрде жасалатынын, осыған байланысты көптеген олқылықтардың туындайтынын атап өтті.

Өз кезегінде «Қазақстан жарнама компаниялар альянсы» қауымдастығының директоры Болат Қожақов бекітілген қате жарнамаға қалалық Тілдерді дамыту басқармасы жауапты деп есептейді. «Сол барлық мағыналық қателер, дұрыс емес аудармалар, олардың қателігі үшін жауаптылық Тілдерді дамыту басқармасына тиеді. Сондықтан да мен Тілдерді дамыту басқармасында жарнама мәтінін дұрыс аудара алатын мамандардың отырғаны айғақ емес деп санаймын», – деп толықтырды ол.

ҚазТАГ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн