Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ Ветеринариялық қауіпсіздік – халық денсаулығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізі. Бүгінде 8 миллион ірі қара, 20 миллион қой-ешкі өсіріледі, осы салада препараттар өндіретін 21 кәсіпорын, бақылауды қамтамасыз ету үшін шекаралық аумақтарда 67 бақылау бекеті жұмыс істейді, Үкімет бекіткен ветеринарияны дамытудың кешенді жоспары аясында саланың материалдық-техникалық базасын 80 …
Читать далее »СТУДЕНТ жатақханаға МҰҚТАЖ
«Жоғары аудиторлық палатаның есебіне сәйкес, «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының деректері бойынша, жатақханалардағы орын тапшылығы 33 мың орынға жетеді. ҚР Премьер-министрі О.А.Бектеновке! Мемлекет басшысы жастарға қолайлы жағдай жасау, білім инфрақұрылымын дамыту және адами капитал сапасын арттыру мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Студенттердің қауіпсіз әрі сапалы ортада білім алуы – мемлекеттің стратегиялық міндеттерінің біріне айналып отыр. Ұлттық статистика …
Читать далее »КОНСТИТУЦИЯ күнделікті құқықтық құралға АЙНАЛУЫ ТИІС
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке! Мемлекет басшысы жариялаған «Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасының өзегінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру міндеті тұр. Ата заңды тек құқықтық құжат ретінде ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік сананың негізі ретінде қоғамдық өмірде кеңінен орнықтыру маңызды. Дамыған мемлекеттердің тәжірибесі бұл бағыттағы жұмыстың жүйелі түрде жүргізілетінін көрсетеді. Мәселен, АҚШ пен Еуропаның бірқатар елдерінде Конституция мемлекеттік басқарудың ғана емес, қоғамдық өмірдің де негізгі бағдарына айналған. Сот шешімдері мен мемлекеттік органдардың құқықтық актілерінде Конституция нормаларына тұрақты түрде сілтеме жасалып, азаматтардың конституциялық сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстанда да соңғы жылдары Конституцияның рөлін күшейту бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылды. Конституцияны ілгерілету жөніндегі жоспар қабылданды, сот тәжірибесінде Ата заң нормаларына тікелей сүйену үрдісі қалыптасып келеді. Білім беру жүйесінде құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған жаңа пәндер енгізілді. Алайда Конституцияның қоғамдағы орны мен маңызын терең түсіну деңгейі әлі де жеткіліксіз. Көп жағдайда оның нормалары кәсіби құқықтық орта аясында ғана қолданылып, азаматтардың күнделікті өмірімен толық сабақтаса қойған жоқ. Ал Конституция әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына, құқықтық мәдениетіне және азаматтық жауапкершілігіне негіз болатын құндылыққа айналуы тиіс. Мысалы, АҚШ-та құқық қорғау органдары азаматты ұстаған кезде оған Конституциямен кепілдік берілген құқықтары туралы міндетті түрде түсіндіреді. Бұл – конституциялық …
Читать далее »ҚЫТАЙДАН КІРГЕН КӨЛІК неге бақылауға алынбайды?
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке! Қазақстан мен Қытай арасындағы автотуризм көлемі артып келеді. Алайда шетелдік автокөліктерге қойылатын талаптарда айқын теңгерімсіздік қалыптасқан. Қазақстанда тіркелген автокөлік Қытай аумағына кірген кезде: – уақытша әкелу рәсімінен өтеді; – уақытша тіркеу, арнайы нөмір және сақтандыру рәсімделеді, яғни жол камералары арқылы өз өңірінде бақылау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету; – көлік Қытай …
Читать далее »СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫ: ЗАРДАП ПЕН ЗАЛАЛ өтелетін күн қашан?
ҚР Премьер-министрі Олжас БЕКТЕНОВКЕ! «Ауыл» партиясы фракциясының атына Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында құрылған «Полигон-21 комитеті» қоғамдық бірлестігінің өтініші келіп түсті. Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы тарихи шешім қабылданса да, қоғамдық ұйымдар мен бейінді ұйымдардың айтуынша, ядролық сынақтардың зардабы әлі күнге дейін сезіліп отыр. …
Читать далее »КӨКПАР – КӨКДАУЫЛ тобырға айналып барады
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға! Ұлтымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан көкпар ойыны – ұлттық рух пен болмыстың, ұлттық сананың ажырамас коды. Бүгінде жаппай көкпардың ауқымы кеңейіп, халық қызығушылығы жоғары мәдени-спорттық шараның біріне айналды. Әсіресе Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Алматы облысында жаппай көкпар кең таралған. …
Читать далее »ҚАЙРАТ «ХИЛТОНДЫ» меншік иелерінен ҚАЛАЙ ТАРТЫП АЛДЫ?
ҚР Бас прокуроры Берік АСЫЛОВ мырзаға! Дәл осы – мен депутаттық сауал жолдап отырған кезде қалалық Әділет басқармасының шешімімен Алматы қаласында орналасқан «Хилтон» қонақ үйін заңды меншік иесінен тартып алу, отель қызметкерлерін сыртқа шығару және ғимаратты күштеп босату әрекеті жүріп жатыр. Мұнда 250-ге жуық қызметші жұмыс істейді, енді олар жұмыссыз …
Читать далее »«КІШІ АРАЛДЫ» қалай САҚТАП ҚАЛАМЫЗ?
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке! Мемлекет басшысы жуықта өткен Астана саммитінің отырысында Арал мәселесіне қатысты нақты әрі жүйелі бағыт-бағдар беріп, су ресурстарын тиімді басқару, цифрландыруды енгізу және трансшекаралық өзендер бойынша келісілген саясат жүргізудің маңызын айқындады. Бұл – елдің болашағына бағытталған байыпты саясат. Арал мәселесі – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы үнемі назарда ұстап …
Читать далее »Ауылшаруашылығы жерлері НЕГЕ ТОЗЫП БАРАДЫ?
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке! Еліміздегі жер ресурстарының 80 пайыздан астамы ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі, ал олардың жалпы көлемі 220 млн гектардан асады. Оның ішінде 190 млн гектары жайылым, 25 млн гектары егістік, 5 млн гектары шабындық жерлер. Алайда осындай орасан зор әлеуетке қарамастан, ауыл шаруашылығы жерлерінің сапалық жағдайы күрделі мәселеге айналып …
Читать далее »СОҒЫС АЙМАҒЫНАН Қазақстан азаматтары ҚАЛАЙ ШЫҒАРЫЛДЫ
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновке! Таяу Шығыста жалғасып жатқан халықаралық дағдарыс еліміздің өз азаматтарын шетелде қорғай білу қабілетіне жасалған ең маңызды сынақтардың біріне айналды. Десе де, Қазақстан Республикасы бұл сынақтан абыроймен өткенін ерекше атап өткен жөн. «Ақ жол» демпартиясы соғыс аумағынан отандастарымызды ауқымды эвакуациялау кезінде кідіріссіз шешімдер қабылдауды қамтамасыз еткен Президентіміз Қасым-Жомарт …
Читать далее »